Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ОБЛЫС ӘКІМІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Аймақ жаңалықтары

ОБЛЫС ӘКІМІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ

04.05.20242 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Аймақ басшысы денсаулық сақтау саласының негізгі көрсеткіштері, өзекті мәселелері туралы айтты.
«Мемлекет басшысының, Үкіметтің тапсырмасына сәйкес біз денсаулық сақтау саласының дамуына, медицина ұйымдарының материалдық-техникалық базасының нығаюына, олардың қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуіне, тапшы кадрларды даярлауға ерекше көңіл бөліп келеміз. Заманауи жаңа ғимараттарды ел игілігіне табыстап, медицина қызметкерлерінің жылы да жайлы жұмыс орнында халыққа сапалы қызмет етуі үшін барлық жағдай жасалуда. Нәтиже жаман емес. Жалпы өлім-жітім көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда бір деңгейде сақталса, ана өлімі 5,7 есе, сәби өлімі 13,4%-ға төмендеді. 2023 жылдың қорытындысымен 3 негізгі медико-демографиялық көрсеткіштің нысаналы индикаторына қол жетті. Президентіміздің, Үкіметтің Сыр өңірін ерекше қолдауының арқасында аймағымызда нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы республикалық және жергілікті бюджеттен 52,1 млрд. теңге қаралып, 23 медициналық нысан салынды. Оның 17-нің құрылысы аяқталды. Биыл 5,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, 5 нысан құрылысы жүргізілуде, оның 2-еуі пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 11 нысан құрылысына сатып алу конкурсы жарияланды. Мердігерлер анықталғаннан кейін тездетіп құрылысты бастаймыз. Нысандар жыл соңына дейін ел игілігіне табысталады», — деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Сонымен қатар, облыс әкімі Қызылорда қаласы мен аудандарда салынуы тиіс бірқатар медициналық нысан құрылысына қажетті қаржы бөлу мәселесіне ықпал етуді сұрады. Мәселен, Қызылорда қаласындағы №4 және №5 қалалық емханалардың құрылысы шешімін таппай келеді. Облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының бөлімшелеріне модульдік жедел жәрдем станциясын салу қажет.
Возможно, это изображение 3 человека и текст
Ақмарал Шәріпбайқызы Қызылорда облысының медицина саласындағы жетістіктерді атап өтіп, аймақ басшысы көтерген мәселелер зерттеліп, шешу жолдары қарастырылатынын жеткізді.
Айта кетейік, Сыр өңіріне сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Жаңақорған, Шиелі аудандарына барды. Әрі қарай ведомство басшысы БАҚ өкілдеріне брифинг өткізіп, көпбейінді облыстық ауруханада сала қызметкерлерімен, «Достық үйінде» облыс халқымен кездеседі. Сонымен қатар, азаматтарды жеке қабылдайды деп жоспарлануда.
©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.04.2026741 Views

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

03.04.2026717 Views

ВЕЛОСПОРТТАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КУБОГІ БАСТАЛДЫ

02.04.202616 Views
Соңғы жаңалықтар

ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.04.2026

Қазақстан Орталық Азиядағы алғашқы геологиялық форум алаңына айналды

03.04.2026

Үкімет 2026–2030 жылдарға арналған боксты дамыту тұжырымдамасын бекітті

03.04.2026

Биыл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 1,2 трлн теңге

03.04.2026

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

03.04.2026

Астанада Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумы өтіп жатыр

03.04.2026

Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы қабылдады

03.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.