Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Қоғам»Құрдымға тартқан құмар ойын
Қоғам

Құрдымға тартқан құмар ойын

03.05.20241 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Заңсыз ойын бизнесінің зар­дабын жоюға бағыттал­ған түрлі шара қолға алын­ғанымен, жымысқы әре­к­е­тін жасырын түрде жү­­зе­ге асыратындар аза­мат­­­тарды сан айламен арбайтын болған. Тір­нектеп тапқанын құмар ойынға құрбан қылған­дардың дені – жастар. Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу депар­таменті былтырдан бері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі бойынша 18 қылмыстық іс қоз­ға­ған. Осыған байланыс­ты 14 адам сотталып, бірқатар қылмысқа қатыс­ты әлі де тергеп-тексеру жұ­мыстары жүріп жатыр.

Экономикалық тергеу департа­менті өткен жылдан бері төрт ойын залы мен бір букмекерлік кеңсенің, сондай-ақ бес бірдей жасырын казиноның жұмысын тоқтатқан. Нәтижесінде, 111 монитор, 102 процессор, 1 ойын терминалы, 6 видео ресивер, 1 500 терминал заңсыз айналымнан жойылған. Алдын алу шаралары аясында «Кибернадзор» АЖ арқылы онлайн-казино белгілері бар күдікті сайттардағы 986 сілтеме бұғатталыпты.

«Ойын бизнесі қоғамға үлкен зиян келтіреді. Құмар ойындар­ға тәуелділік ауыр патология ре­тінде тіркелген. Бұл кесел аза­­мат­тардың өмір салтына үстем­дік етіп, әлеуметтік, кәсіби және мате­риалдық құндылықтар мен мін­деттемелерінен ажыратып, олар­ды өзін-өзі жоғалтуға дейін апа­рады. «Жеңіл» ақша­ны бір­ден ұтып аламын деген үмітпен адамдар көбіне казино мен ойын автоматтарына жалақысы мен қолында барының бәрін қалдырады. Жедел-тергеу тәжірибесі көрсетіп отырғандай, анықталған жерас­ты казинолары мен ойын мекеме­леріне негізгі келушілер жастар болып отыр. Халықтың құмар ойындардан бас тартуы қаскүнемдерді заңсыз табыстарынан айыра­ды. Бүгінгі таңда казинолар мен ойын автоматтары залдары тек Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облы­­сының Бурабай ауданында орна­ластырылуға тиіс. Аталған аумақ­тардан тыс жұмыс істейтін барлық ойын мекемесі өз қызметін заңсыз жүзеге асырып отыр», дейді департамент басшысының орынбасары Сабырғали Балғалиев.

Маман тілге тиек еткендей, құмар ойынның салдары талай отбасын құрдымға кетірген. Жастар арасындағы ажырасу фактілеріне де бірден-бір себеп – лудомания. Қала жастары арасында лудоманияның алдын алу үшін департамент Жастар саясаты басқармасымен бірлесіп бірнеше жобаны қолға алған. Бір жыл көлемінде жүзеге асып келе жатқан «Құмар ойынсыз қала» және «Стоп ойын» жедел-профи­лактикалық іс-шаралары оңтайлы нәтиже көрсеткен.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында «ТikТok» желісін­де заңсыз ойын бизнесін ұйымдас­тыру, бәс қабылдау, банктік аударымдар арқылы ұтыстарды есеп­теу және беру функцияларын қолдайтын онлайн құмар ойын­дардың бірқатар фактісі анық­талған. Тексеру барысында қос алматылық әлеуметтік желілерде 12,9 млн теңгеден астам сомаға ірі мөлшерде кіріс ала отырып, төрт ай бойы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны дәлелденген. Осылайша, заңға қайшы жұмыс істегендер темір торға қамалған.

Жоғарыда атап өткеніміздей, Алматыда жастар арасында ойын­ға тәуел­діліктің алдын алуға бағыт­талған кешенді жоспар құрылды. Жастар саясаты басқармасының бастамасымен қолға алынған шара бірнеше бағыттан тұрады. Әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс аясында іске асқан бағдарламаның бірі – «Жастар арасында интернетке тәуелділік пен құмар ойындардың алдын алу» жобасы. Биыл жобаға бөлінген сома 30 млн теңгені құрап отыр.

Бұл бағытта NEET санатына кіретін жастарға ерекше назар аударылған. Ұзақмерзімді мониторинг арқылы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, кәсіпке баулу, әлеуметтенуге және өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік туғызуға негізделген бағдарламалар аз емес. Бұл ретте жеке және топтық консультациялар аясында кеңес беретін психологтердің, жаттықтырушылардың көмегі оң нәтиже көрсеткен. Айталық, жыл басынан бері Алматы қаласының бірқатар жоғары оқу орнында студенттер арасында «Құмар ойын­дар – қоғам дерті», «Интернетке тәуелділік: пайдасы мен зияны» тақырыбында өткен семинар-тренингтерге 500-ге жуық студент қатысыпты.

«Мақсатымыз – қала жастары үшін қауіпсіз және саламатты болашақты қамтамасыз ету. Тек бірігу арқылы ғана біз қауіпсіз болашаққа қадам жасай аламыз», деген Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Ә.Қаж­денбек қала тұрғындарын талай от­басын тығырыққа тіреген келеңсіз­дікпен бірлесе күресуге шақырды.

Кәсіпкерлер, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері, блогерлер мен БАҚ қызметкерлері заңсыз ойын бизнесімен күресте белсенділік танытса игі. Бұл іске тек жауапты мамандар емес, кез келген қала тұрғыны үн қоса алады. Заңсыз ойын бизнесіне қатысты қандай да бір әрекеттен хабары бар азаматтар 1458 нөмірі бойынша байланыс орталықтарына хабарласуына болады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Ұлттық комиссия әйелдер мен балаларды кибер зорлық-зомбылықтан қорғауды күшейтуге шақырды

03.12.2025147 Views

Соңғы жылдары Қазақстанда ажырасулар саны 16%-ға азайды

03.12.2025327 Views

«Ауған соғысы: қайғысы мен қасіреті»

28.11.202587 Views
Соңғы жаңалықтар

Ұлытау облысында ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік салада жаңа жобалар іске асып жатыр

03.12.2025

2030 жылға дейін Ұлытау облысының 63 мың тұрғыны көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі

03.12.2025

Ұлттық комиссия әйелдер мен балаларды кибер зорлық-зомбылықтан қорғауды күшейтуге шақырды

03.12.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда ажырасулар саны 16%-ға азайды

03.12.2025

Мемлекет басшысы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өткізді

03.12.2025

ҚАЙНАР АУЫЛЫНДАҒЫ ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫ ЖАҢАРТЫЛЫП, ЕЛДІ МЕКЕНДЕ 30 ЖЫЛДАН КЕЙІН ЖАҢА БАЛАБАҚША САЛЫНДЫ

03.12.2025

Отандық дәрілерді сатып алу көлемі 170 млрд теңгеге дейін өсті

02.12.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.