Қызылорда облысы Полиция департаментінің нұсқауына сәйкес, Арал ауданының полиция бөлімінің Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары арасында «Үздік учаскелік полиция инспекторы» атты кәсіби байқау ұйымдастырылды.
Сайыс барысында қатысушылардың кәсіби біліктілігі, қызметтік жетістіктері, атқарған жұмыстары, спорттық дайындығы мен атыс даярлығы сынға түсті.
Байқау қорытындысы бойынша учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Дінібаев Қуаныш Сегізбайұлы үздік деп танылып, жеңімпаз атанды.
Аталған байқау – полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін шыңдап, тәжірибе алмасуына, қызметтік жауапкершілігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған маңызды шара.
Жеңімпазды жеңісімен құттықтаймыз! Қызметіңізге толағай табыс, абырой мен биік жетістіктер тілейміз!
#БІЛГЕНІҢІЗАБЗАЛ
#ВАЖНОЗНАТЬ
#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК

