Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»«АЛТЫН КҮЗ – 2026»: АУДАН ЕҢБЕККЕРЛЕРІНІҢ МЕРЕКЕСІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ
Аймақ жаңалықтары

«АЛТЫН КҮЗ – 2026»: АУДАН ЕҢБЕККЕРЛЕРІНІҢ МЕРЕКЕСІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

31.10.2026627 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін орталық стадионда «Алтын күз – 2026» мерекесі кең көлемде ұйымдастырылды. Шараға аудан әкімі Ерлан Төрәлиев, Қазақстанның Еңбек Ері Имамзада Шағыртаев, қоғам қайраткерлері Қожахмет Баймаханов, Биғали Қаюпов, Өмірбек Шаменов, Жанкелді Ысқақ, сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері мен құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.
Мерекеге жиналған меймандар аудан әкімімен бірге ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін аралап, шаруашылықтардың жетістіктерімен танысты. Сонымен қатар, көпшілік назарына ұсынылған ұлттық дәстүрлеріміздің бірі – тұсаукесер рәсімі өткізіліп, арнайы тігілген киіз үйлерде қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылды.
Салтанатты жиында аудан әкімі Ерлан Төрәлиев жиналған қауымды мерекемен құттықтап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, ауыл шаруашылығы саласының өркендеуіне үлес қосып жүрген озат еңбеккерлер мен сала мамандарын марапаттады.
«Баршаңызды береке мен бірліктің, еңбек пен ырыстың нышанына айналған «Алтын күз» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Алтын күз – ала жаздай тынымсыз еңбекті қорытындылап, маңдай тердің жемісі бағаланатын, ел ырысы мен берекесін ұлықтайтын ерекше кезең. Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының маңызды салаларының бірі, ауыл тіршілігі мен халық әл-ауқатының негізгі тірегі. Оның дамуы табанды еңбек пен туған жерге деген шынайы жанашырлыққа тікелей байланысты. Ауданымыз биыл облыс көлемінде «Егін шаруашылығы саласында озат аудан» номинациясын иеленді. Бұл – барша Жалағаш жұртшылығы үшін зор мәртебе, ортақ мақтаныш. Осы орайда, жыл бойы табандылықпен еңбек етіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізген шаруашылық басшыларына, диқандарға, малшыларға, механизаторларға және ауыл шаруашылығы саласының барлық қызметкерлеріне шынайы алғысымды білдіремін» – деді аудан әкімі Ерлан Төрәлиев.
Мерекелік кеш театрландырылған көріністермен, ұлттық билермен және жергілікті өнерпаздардың әсем әндерімен жалғасты. Кеш қонағы, белгілі эстрада әншісі Кенжебек Жанәбілов сахнада танымал әндерін орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Шара соңы мерекелік отшашумен қорытындыланды.
Айта кетейік, биыл аудан бойынша 41 864 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде 16 618 гектарға күріш егіліп, әр гектардан орта есеппен 60,5 центнерден өнім жиналды.
Возможно, это изображение осветительное оборудование, динамик и текст
Возможно, это изображение текст
Нет описания фото.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

31.10.20263 917 Views

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261 451 Views

АРАЛ АУДАНЫНДА «ҮЗДІК УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

31.10.20261 087 Views
Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

31.10.2026

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.2026

АРАЛ АУДАНЫНДА «ҮЗДІК УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

31.10.2026

«АЛТЫН КҮЗ – 2026»: АУДАН ЕҢБЕККЕРЛЕРІНІҢ МЕРЕКЕСІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

31.10.2026

«АЛТЫН КҮЗ – 2026»: АУДАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

31.10.2026

Қызылордада жаңа емхананың құрылысы қарқынды

29.10.2026

Қазалыда түнгі рейд жүргізілді

28.10.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.