Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Е.Кочетов: елімізде жастардың өз әлеуетін жүзеге асыруына мүмкіндік мол
Жаңалықтар

Е.Кочетов: елімізде жастардың өз әлеуетін жүзеге асыруына мүмкіндік мол

11.08.2026342 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Мемлекет ғылым, мәдениет, шығармашылық, қоғамдық қызмет және жаңа индустриялар бағытында жастардың қабілеті мен бастамаларын қолдауға басымдық беріп отыр. ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетовтың мәлімдеуінше, қазір елімізде «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты, Президенттік арнаулы әдеби сыйлық, «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы және жастарды қолдаудың басқа да тетіктері бар. Биылдың өзінде «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына 2 мыңнан астам өтінім келіп түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 34,5 пайызға көп. Үздік отыз жобаға 3 млн теңгеден грант беріледі. Бұны ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Оның айтуынша, 2 мыңнан астам өтінімнің түсуі мыңдаған жастардың ғылым, мәдениет, бизнес, IT, медиа және волонтерлік салаларда өз идеялары мен шешімдерін ұсынуға дайын екенін көрсетеді.

«Бұл жастардың дайын мүмкіндікті күтпей, өз бастамасын жүзеге асыруға ұмтылысының айқын көрінісі. Мұндай бастамалар еліміздің әр өңірінде бар, яғни бұл мыңдаған жас қазақстандықтың белсенділігін көрсетеді. Креативті индустриялардың дамуында да үлкен әлеует бар екенін көріп отырмыз. Заңнамалық және қаржылық инфрақұрылым нығайтылып, өңірлерде креативті орталықтар ашылып жатыр. Креативті индустрияны дамыту қоры өз жұмысын бастады. Сала өкілдеріне «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алып, тағылымдамадан өту мүмкіндігі берілді», – деді спикер ОКҚ алаңында.

Сондай-ақ вице-министр креативті экономика және жастардың бұл саладағы рөлі жайында сөз қозғады. Яғни, бұл – жаңа жұмыс орындары, заманауи ұлттық контент және қазақстандық мәдениетті әлемге таныту мүмкіндігі, жас авторды, режиссерді, музыкантты, зерттеушіні немесе әзірлеушіні қолдау – бір адамның бастамасына ғана емес, елдің мәдени дамуына салынған инвестиция. Креативті индустриялардың ел экономикасындағы рөлі жыл сайын артып келеді. Бұл салада мыңдаған кәсіпкер мен маман еңбек етіп, жаңа жұмыс орындары құрылып жатыр.

«Қазір бұл салада 46 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істеп, шамамен 156 мың адам еңбек етеді. Олар жаңа өнімдер ұсынып, жұмыс орындарын ашып, заманауи ұлттық контенттің қалыптасуына үлес қосып келеді. Сондықтан креативті индустрияларды дамыту – жастардың әлеуетін ашып, олардың елдің экономикалық әрі мәдени дамуына үлес қосуының маңызды бағыттарының бірі», – деді Е.Кочетов.

Сонымен қатар Мәдениет және ақпарат вице-министрі жастардың ел өміріне белсенді араласуы туралы айтты. Оның пайымдауынша, жастар үшін өз пікірінің ескерілуі және қоғамдағы үдерістерге ықпал ете алуы маңызды. Осы бағытта қоғамдық кеңестердегі жастардың өкілдігі артып, Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес пен өңірлік жастар кеңестері жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға белсенді атсалысып келеді. Кеңестің тікелей қатысуымен Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленіп, жүзеге асырылды. Сондай-ақ Кеңестің қатысуымен заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленіп, бекітілді. Жастардың азаматтық белсенділігі Президент бастамаларын жүзеге асыруға атсалысуынан да байқалады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстан экономикасының жеті айдағы өсімі сыртқы сын-қатерлерге қарамастан тұрақтылығын сақтап отыр

11.08.2026791 Views

Қазақстанда NEET санатындағы жастардың үлесі 6,7%-ға төмендеді

11.08.2026337 Views

Еліміздің жастары Президент бастамаларын жүзеге асыруға белсенді қатысуда

11.08.2026249 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан экономикасының жеті айдағы өсімі сыртқы сын-қатерлерге қарамастан тұрақтылығын сақтап отыр

11.08.2026

Қазақстанда NEET санатындағы жастардың үлесі 6,7%-ға төмендеді

11.08.2026

Еліміздің жастары Президент бастамаларын жүзеге асыруға белсенді қатысуда

11.08.2026

Е.Кочетов: елімізде жастардың өз әлеуетін жүзеге асыруына мүмкіндік мол

11.08.2026

Мемлекет басшысы Колумбия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

11.08.2026

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

11.08.2026

Жетісу облысында су үнемдеу технологияларымен қамтылған алқап көлемі 4,6 есеге ұлғайды

10.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.