Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Ұлытау облысында Күлтөбе қалашығының археологиялық мұрасы туралы көшпелі көрме ашылды

06.08.2026
Ұлытау облысында «Күлтөбе қалажұрты: көне Түркістан тарихының бастауы» атты көшпелі көрме ашылды. Экспозиция Күлтөбе қалашығының археологиялық мұрасын және Ұлы даладағы қала мәдениетінің қалыптасу кезеңдерін таныстырады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Көрмені Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейі «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Экспозицияға бірнеше тарихи кезеңді қамтитын 172 археологиялық жәдігер қойылған. Олардың қатарында I-IV ғасырларға жататын ошақтар, VII-VIII ғасырлардағы өрнектелген саптыаяқтар, XIV ғасырдағы құмыралар мен су құбырының түтіктері, сондай-ақ XVIII-XIX ғасырлардағы майшамдар мен тостағандар бар.

Көрменің жеке бөлімінде Қоқан хандығы, Бұхара әмірлігі және Ресей империясы кезеңінде монеталар жинағы ұсынылады. Көпшілік Қоқан мен Ферғана ақша сарайларында соғылған «Зарб Латиф Коканд», «Фулус джадид» жазуы бар дөңгелек және төртбұрышты фулустарды, сонымен бірге XIX ғасырдың соңындағы Ресей империясының теңгелерін тамашалай алады.

Іс-шара аясында Күлтөбе қалашығының тарихи-мәдени маңызы мен Түркістан тарихындағы орнына арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Көрме бір ай бойы жалғасады.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.