Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Аймақ жаңалықтары

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026614 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясында өңір жастарымен еркін форматтағы кездесу өткізді. Онда жастар саясатын дамыту, білім беру жүйесін жетілдіру, кәсіпкерлікті, жастардың қоғамдық бастамаларын қолдау және өңірді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытудағы кейінгі буынның рөлі кеңінен талқыланды.
Аймақ басшысы елдегі саяси реформалардың маңызына тоқталып, жаңа Конституцияның қабылдануы жаңа кезеңнің бастауы екенін атап өтті.
«Бұл – әділетті қоғам құруға және болашаққа деген сенімді нығайтуға бағытталған тарихи шешім. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, Әділетті Қазақстанды құруда білімді, отаншыл жастардың рөлі айрықша. Сондықтан жастардың сапалы білім алып, еңбек етуіне, кәсіп бастауына және жан-жақты дамуына мемлекет жүйелі қолдау көрсетіп отыр. Биыл жастар саясатын іске асыруға жергілікті бюджеттен 2 млрд теңге бөлінді.
Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» бастамаларын жүзеге асыруда жастардың белсенділігі мен қоғамдық жауапкершілігі ерекше маңызды», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Еркін пікір алмасу кезінде жастар ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. «Сыр жастары» бағдарламасының қатысушысы, жас журналист Арайлым Шакизадаева, «Global Motors» Қызылорда автосалонының директоры Олжас Балтақожа, «Kyzylorda Hub» бизнес-инкубаторының директоры Жанарыс Түбекбаев, блогер Нұржан Сейтмұрат, облыстық «GAMMA MMA» федерациясының төрағасы Бейбітжан Қобланов және «Анаға тағзым» орталығының әдіскері Ақбота Шамшиева сөз сөйледі.
Облыс әкімі барлық ұсыныстар жан-жақты қаралатынын, жастар бастамаларын қолдау жүйелі жалғасатынын жеткізді. Сонымен қатар жастарды өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жобаларды іске асыруға белсенді қатысуға шақырды.
Статистикалық мәліметтерге қарағанда, өткен жылы облыста 14 пен 35 аралығындағы 248 279 жас есепке алынған, бұл – жалпы халықтың 29,4%-ы. «Мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында жүйелі жұмыс орындалуда.
Ақпараттық-талдау орталығы жылына екі рет аймақ жастары арасындағы ахуалға зерттеу жүргізіп, қорытындысы бойынша мүдделі органдарға ұсыныстар береді. Ұсыныстар қатарында тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, кәсіби бағдарлау бар.
Жастарды еңбекке баулу мақсатында құрылған еңбек бригадаларының саны 30-дан асып, құрамына 800-ден астам адам тіркелді. Еңбек жасағына әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан, NEET санатындағы жастар да тартылды.
Облыстық жастар ресурстық орталығы жанында 6 үйірме мен клубтар бар. «Оқушылар сарайы», «Теннис орталығы», «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы, «Анаға тағзым», «Отбасы орталығы», барлық аудандағы «Руханият орталықтарында» жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасалған.
Өңір жастарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету және жас отбасыларды қолдау мақсатында Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен «Сыр жастары» жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасы қабылданған. Бағдарлама бойынша 35 жастан аспаған, Қызылорда облысында тұрақты тіркеуі бар жастар жылдық 6% пайыздық мөлшерлемемен, үй бағасының 10% жарнасын жинап үй ала алады. Бюджеттік ұйымдар, мәдениет және спорт, ауыл шаруашылығы, төтенше жағдай, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласында, жоғары оқу орындары мен ҒЗИ, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялар, екінші деңгейдегі банк филиалдарында жұмыс істейтін қызметкерлер, журналистер, кәсіпкерлерге оңтайлы мүмкіндік ұсынылған.
Еске салсақ, 2024 жылы 798 адам құжат тапсырып, жолдама алған 471-інің 100-і төлем қабілеттін растап, үш бөлмелі пәтер иесі атанды. Өткен жылы 691 адам құжат тапсырып, оның 453-нің құжаты қабылданып, 300 жасқа «Отбасы банк» АҚ-нан жолдама берілді. Төлем қабілетін сәтті растаған жастар сол жағалаудағы көпқабатты тұрғын үйден пәтер алды.
Мемлекет басшысының бастамасымен 2026 жылды БҰҰ Бас Ассамблеясы «Орнықты даму жолында Халықаралық еріктілер жылы» деп жариялады. Соған сәйкес халықаралық және республикалық деңгейдегі екі ауқымды шара өтеді.
Тамыз айындағы республикалық волонтерлер слеті жастар мен еріктілердің тәжірибе алмасуына, жаңа бастамаларды талқылауға және қоғам игілігіне арналған жобаларды дамытуға арналады. Сондай-ақ, «Менің мамандығым – менің жетістігім» тақырыбында республикалық жас мамандар форумын өткізу жоспарланған.
Қазан айында халықаралық «Green Aral: Volunteers for Life» халықаралық еріктілер апталығы аясында Арал маңы табиғатын қалпына келтіру және экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған жобалар іске асырылады.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026520 Views

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026917 Views

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026226 Views
Соңғы жаңалықтар

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026

Түркістан облысында жылыжай шаруашылығын дамытуға 534 млрд теңгеден астам инвестиция салынады

02.07.2026

ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрестің нәтижелерін жариялады

02.07.2026

Қазақстан трансұлттық есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп жатыр

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.