Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026917 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бүгін «Әділет» партиясының облыстық филиалында конференция өтіп, оның қорытындысы бойынша филиал басшысы, Саяси кеңес пен Бақылау-тексеру комиссиясының мүшелері сайланды.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Конституция – Жаңа Дәуір» атты үндеуін қолдау болды. Сондай-ақ конференция барысында партияның облыстық филиалының басшылық органдарын қалыптастыру мәселелері қаралды.

Ашық дауыс беру нәтижесінде облыстық филиалдың басшысы болып мемлекеттік және қоғамдық-саяси салада көп жылдық тәжірибесі бар Жандос Базартай сайланды. Жаңа қызметінде ол облыстық филиалдың жұмысын үйлестіріп, партияның бағдарламалық мақсаттарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді және өңір тұрғындарымен өзара байланысты нығайту бағытында жұмыс жүргізеді.

Өз кезегінде Жандос Базартай өзіне көрсетілген сенім үшін алғыс айтып, партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін өңірде сапалы іске асыруға, халықтың өзекті мәселелерін шешуге белсенді атсалысуға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және қоғаммен ашық, сындарлы әрі нәтижелі диалог орнатуға күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.

Алқалы жиында партияның Қызылорда облыстық филиалының Саяси кеңесінің және Бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамы сайланды. Саяси кеңестің құрамына кәсіпкерлік, білім беру, ғылым, мәдениет, спорт, өнеркәсіп, үкіметтік емес сектор, жастар ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдары және өңірдің экономикасы мен қоғамдық өмірінің түрлі салаларын танытатын өкілдер енді.

Бақылау-тексеру комиссиясының құрамына экономика, қаржы және құқық салаларында тәжірибесі бар мамандар сайланды. Осылайша, партияның облыстық филиалының басшылық органдарын қалыптастырудың ұйымдастыру кезеңі аяқталды. Алдағы уақытта филиал өңір тұрғындарымен жүйелі жұмыс жүргізуге, партиялық бастамаларды іске асыруға, сондай-ақ сарапшылар қауымдастығымен, кәсіпкерлермен және қоғамдық бірлестіктермен өзара ынтымақтастықты дамытуға кіріседі.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026520 Views

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026614 Views

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026226 Views
Соңғы жаңалықтар

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026

Түркістан облысында жылыжай шаруашылығын дамытуға 534 млрд теңгеден астам инвестиция салынады

02.07.2026

ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрестің нәтижелерін жариялады

02.07.2026

Қазақстан трансұлттық есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп жатыр

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.