Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Қазақстан трансұлттық есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп жатыр
Жаңалықтар

Қазақстан трансұлттық есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп жатыр

02.07.2026429 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қазақстан шетелдік құқық қорғау органдарымен және халықаралық бейінді ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейтуді жалғастыруда. Бұл, әсіресе, трансұлттық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласына қатысты. Сонымен қатар халықаралық жедел-іздестіру іс-шаралары шекаралас мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп, сондай-ақ ШЫҰ мен ҰҚШҰ-ның есірткіге қарсы стратегиялары аясында жүргізілуде. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, халықаралық ынтымақтастық трансұлттық есірткі қылмысына қарсы күрестегі негізгі бағыттардың бірі болып қала береді.

«Биылғы мамыр айында ІІМ Украина Ұлттық полициясымен бірлесіп, алғаш рет қазақстандық азаматтарды заңсыз әрекеттерге тартумен және оларды есірткі бизнесінің қылмыстық схемаларына қатыстырумен айналысқан ірі call-орталықтың қызметін тоқтатты. Бірлескен операция нәтижесінде Киев қаласында 11 күдікті ұсталды. Олардан арнайы жабдықтар мен ірі көлемдегі ақша қаражаты тәркіленді», – деді Қуандық Әлжанов.

Оның айтуынша, елімізде есірткіге қарсы заңнаманы жетілдіру жұмыстары жалғасуда. Биыл «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» Заң қабылданды, есірткі өндіру үшін жауапкершілік күшейтілді, дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік және есірткіні медициналық мақсаттан тыс тұтынғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Жаңа нормалар күшіне енгеннен бері 108 дроппер жауапкершілікке тартылды.

Оның сөзінше, мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру де күшейтілді. Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық штабтың мәртебесі Премьер-Министр деңгейіне дейін көтерілді. Сондай-ақ жастар арасындағы профилактикалық жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуде.

«Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, биылғы бірінші жартыжылдықта есірткі қылмыстары үшін 40 кәмелетке толмаған жас ұсталды. Осыған байланысты ІІМ жазғы демалыс кезеңінде профилактикалық жұмысты күшейтті. Тек маусым айында еліміздің ойын-сауық орындарында 130 есірткіге қарсы іс-шара өткізілді. Ал балаларды сауықтыру лагерлерінде профилактикалық акциялар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді», – деді спикер.

Сонымен қатар ІІМ жанындағы Есірткі құқық бұзушылықтарының профилактикасы жөніндегі кеңес өз жұмысын жалғастыруда. Осындай кеңестер еліміздің барлық өңірінде жұмыс істейді. Сондай-ақ есірткі қылмыстары үшін сотталған адамдарды қайта әлеуметтендіру жұмыстары жүргізілуде. Оның аясында оларды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға оқыту және кейін жұмысқа орналасуына жәрдем көрсету шаралары қабылдануда.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026520 Views

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026614 Views

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026917 Views
Соңғы жаңалықтар

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026

Түркістан облысында жылыжай шаруашылығын дамытуға 534 млрд теңгеден астам инвестиция салынады

02.07.2026

ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрестің нәтижелерін жариялады

02.07.2026

Қазақстан трансұлттық есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп жатыр

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.