Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Еліміздің үш өңірінде жаңартылған бес теміржол вокзалы ашылды

30.06.2026
Қостанай, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында: Аманқарағай, Құсмұрын, Ганюшкино, Аққыстау және Семиглавый Мар теміржол вокзалдарының қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында орындалды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

Қостанай облысында Аманқарағай (1961 жылы салынған) және Құсмұрын (1949 жылы салынған) вокзалдары жаңартылды. Нысандарда ғимараттар толығымен қайта жаңартылып, шатырлар мен инженерлік желілер ауыстырылды, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілді, заманауи желдету және өрт дабылы жүйелері орнатылды, іргелес аумақтар абаттандырылды. Жолаушылар үшін заманауи санитарлық бөлмелер жабдықталып, вандалға қарсы креслолар орнатылған, тактильді навигация енгізілген және мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жағдай жасалған. Аманқарағай станциясында жағалау перроны ұзартылып, жарықтандыру мен жабынды жаңартылды. Өңірде 13 жолаушылар пойызы қатынайды. 2026 жылдың басынан бері олардың қызметін 92,3 мың жолаушы пайдаланды.

Атырау облысында Ганюшкино және Аққыстау вокзалдарын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды. Нысандарда қасбеттер мен ішкі үй-жайлар жаңартылып, инженерлік желілер мен шатырлар ауыстырылды, жаңа жиһаздар мен жабдықтар орнатылды, іргелес аумақтар абаттандырылды. Ганюшкино вокзалының ауданы 250-ден 713 шаршы метрге дейін ұлғайтылды, Аққыстау вокзалы 202-ден 215 шаршы метрге дейін ұлғайды. Облыс аумағы бойынша 9 жолаушылар пойызы жүреді, 2026 жылдың басынан бастап 253,8 мың жолаушы тасымалданды.

Батыс Қазақстан облысында қайта жаңартудан кейін 1916 жылы салынған Семиглавый Мар вокзалы ашылды. Ғимаратта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары кешені орындалды, инженерлік коммуникациялар жаңартылды және іргелес аумақ абаттандырылды. Облыста 22 жолаушылар пойызы жүреді, оларды 2026 жылдың басынан бері 124,8 мың жолаушы пайдаланды.

Барлық жұмыстар қазақстандық өндірістің заманауи құрылыс материалдарын пайдалана отырып орындалды.

Жаңартылған вокзалдар қауіпсіздіктің, қол жетімділіктің және жайлылықтың заманауи талаптарына сай келеді. Жобаларды іске асыру жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға және өңірлердің тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.