Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Соңғы жарты жылда қоғамдық тамақтану орындарында 600-ден астам тексеру жүргізілді
Жаңалықтар

Соңғы жарты жылда қоғамдық тамақтану орындарында 600-ден астам тексеру жүргізілді

30.06.2026582 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Өзекті мәслелердің бірі – тағамнан уланудың алдын алу және тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ол – санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің басым бағыттарының бірі. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша елімізде тіркелген қоғамдық орындарда тағамнан улану жағдайларының саны өткен жылмен салыстырғанда 2,4 есе азайды. Өткен жылдың осы кезеңінде мұндай 19 жағдай тіркелген. Сонымен қатар ауру ошақтары санының азаюы олардың салдарының жеңілдеуін білдірмейді. ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова ОКҚ алаңында осылай деді.

«Биыл қоғамдық орындарда тағамнан улану салдарынан 379 адам зардап шекті. Оның 141-і балалар. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 308 адам зардап шеккен, оның 167-сі – 14 жасқа дейінгі балалар. Білім беру және тәрбиелеу ұйымдарында тағамнан уланбау тиісті шаралардың оң нәтижері болып табылады. Аталған әр жағдай бойынша эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізілді», – деді спикер.

Ауру ошақтарының негізгі себептері санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың өрескел бұзылуына байланысты болды. Мәселен, рұқсат беру құжаттарының болмауы, медициналық тексеруден өтпеген қызметкерлерді жұмысқа жіберу, тағам дайындау технологиясын орындамау жағдайлары. Барлық 8 жағдай бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді, 8 қылмыстық іс қозғалды, 6 нысанның жұмысының тоқтату туралы қаулы қабылданды. 94 келіден астам өнім айналымнан шығарылды. Қазір 20 мыңнан астам нысан бақылауда. Биылғы 6 айда 600-ден астам тексеру жүргізілді. Жалпы сомасы 50 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Топтық улану санының азайғанына қарамастан тағамнан улану қаупі әлі де сақталуда. Басты себеп – санитариялық талаптардың сақталмауы.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

14.08.202621 854 Views

Қызылордада интернет-алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілуде

13.08.2026106 Views

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАСТАР КҮНІ OPEN AIR КОНЦЕРТІМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

13.08.2026227 Views
Соңғы жаңалықтар

БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

14.08.2026

Қызылордада интернет-алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілуде

13.08.2026

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАСТАР КҮНІ OPEN AIR КОНЦЕРТІМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

13.08.2026

АРАЛ АСПАНЫНДА ЖАСТАРДЫҢ ЖАЛЫНДЫ ҮНІ

13.08.2026

Қазақстан экономикасының жеті айдағы өсімі сыртқы сын-қатерлерге қарамастан тұрақтылығын сақтап отыр

11.08.2026

Қазақстанда NEET санатындағы жастардың үлесі 6,7%-ға төмендеді

11.08.2026

Еліміздің жастары Президент бастамаларын жүзеге асыруға белсенді қатысуда

11.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.