Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ӨТУДЕ

26.06.2026
 Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, 2026 жылдың І жартыжылдығы қорытындысымен аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың халықпен кездесулері Аққыр, Жаңаталап, Мақпалкөл, Мәдениет және Мырзабай ахун ауылдық округтерінде жалғасты.
 Кездесу барысында аудан әкімі ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған жобалар туралы баяндады.
 Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, елді мекендерді дамытуға бағытталған бастамалар мен алдағы жұмыстар жан-жақты талқыланды.
 Аққыр ауылында биыл 3 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды.
 Жаңаталап ауылдық округінде көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін каналдар қазылды.
 Елді мекенді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 3 техникалық су ұңғымасы бұрғыланды.
 Мақпалкөл ауылдық округінде көркейту-көгалдандыру, ауыл тұрғындарын кәсіпкерлікке баулу, мемлекеттік гранттар беру және ауылды абаттандыру бағытында жұмыстар жүргізілді. Алдағы уақытта ішкі көшелерді жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларды іске асыру жоспарлануда.
 Мәдениет ауылдық округінде көше жарықтандыру жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар, Жаңақоныс көшесін күрделі жөндеуге бюджеттік өтінім жолданып, жоба қазіргі таңда қаржыландыру сатысында тұр.
 Мырзабай ахун ауылдық округінде «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында көше жарықтары орнатылып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ішкі көшелерге бейнебақылау камералары қойылды.
 Сонымен қатар, аталған ауылдық округтерде электр желілерін жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.
 Кездесулер соңында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер назарға алынып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.