Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі Астанада өтеді – БАҚ

25.06.2026

Ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі Астана қаласында өтеді, деп хабарлайды SMARTNEWS.KZ.

Марқұмның жақындары қаралы жиындардың уақыты мен өтетін орнын хабарлады. Туыстарының әлеуметтік желідегі мәліметінше, Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі 25 маусым күні сағат 19:00-де «Гауһартас» банкет залында өтеді. Мекенжайы: Е. Серікбаев көшесі, 11.

Ал жаназа намазы 26 маусым күні сағат 10:00-де Мұса Жалел көшесі, 93 мекенжайында орналасқан Шейх Құнта қажы мешітінде оқылады.

Сол күні сағат 11:00-де «Бастау» банкет залында ас беріледі. Өтетін орны: Дмитрий Карбышев көшесі, 50.

Еске салайық, Ербаян Мұхтардың қайтыс болғаны 24 маусымда белгілі болды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өлімнің тікелей себебі ауыр бас-ми жарақаты мен одан кейінгі асқынулар салдарынан дамыған көп ағзалық жеткіліксіздік болған.

Ұлттық ұлан сарбазының жағдайы қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Ербаян 2023 жылдан бері әскери қызмет кезінде алған жарақатынан кейін ауыр хәлде жатқан. 2024 жылдың қыркүйегінде құқық қорғаушылар мен бейжай қарамаған азаматтардың көмегімен Түркияға емделуге жіберілген. Кейін отбасы оны шетелде емдетуді жоспарлаған.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.