Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»«Горбачев Назарбаевты қабылдағысы келмеген»: Шыңғыс Айтматовтың ұлы тың дерек айтты
Жаңалықтар

«Горбачев Назарбаевты қабылдағысы келмеген»: Шыңғыс Айтматовтың ұлы тың дерек айтты

24.06.20261 482 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Журналист Асхат Ниязов белгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың ұлы Эльдар Айтматовпен сұхбаттасып, Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев пен Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты ел арасында айтылып жүрген әңгімелер туралы сұрады, деп хабарлайды kznews.kz.

Әңгіме барысында журналист Эльдар Айтматовтан кезінде Шыңғыс Айтматов Асқар Ақаевтың билікке келуіне ықпал етті деген ақпараттың қаншалықты рас екенін сұрады.

Эльдар Айтматов бұл деректің шындыққа жанаспайтынын айтты. Оның сөзінше, Асқар Ақаевты билікке әкелгендер – сол кездегі партия қайраткерлері.

«Бұл толықтай шындыққа сәйкес келмейді. Менің білуімше, Асқар Ақаевтың кандидатурасын сол кездегі партия өкілдері өздері ұсынған. Әкем бұл процеске қатыспаған, тіпті Ақаевтың ұсынылғанын да білмеген», – деді ол.

Эльдар Айтматовтың айтуынша, Шыңғыс Айтматов ол кезде Қырғызстан президенті ретінде басқа адамды көргісі келген.

Сұхбатта Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты да әңгіме қозғалды. Эльдар Айтматовтың сөзінше, Қазақстанда бірінші басшыны тағайындау мәселесі қаралып жатқан кезеңде Назарбаев Шыңғыс Айтматовтан Михаил Горбачевпен кездесу ұйымдастыруға көмектесуін сұраған.

Оның айтуынша, сол сәтте Горбачев Назарбаевты қабылдағысы келмеген.

«Нұрсұлтан Әбішұлы қабылдау бөлмесінде кездесуді күтіп отырған. Ал Горбачев онымен кездеспейтінін, сөйлеспейтінін айтқан. Кейін әкем Михаил Сергеевичті Назарбаевты қабылдауға, сөйлесуге көндірді», – деді Эльдар Айтматов.

Ол Шыңғыс Айтматов Горбачевке Қазақстандағы жағдайды түсіндіріп, басқа адамды тағайындау ел ішінде толқу мен жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін екенін айтқанын жеткізді.

«Сол кезде әкем бұл шешімнің қабылдануына барынша ықпал етті», – деді жазушының ұлы.

Эльдар Айтматовтың бұл әңгімесі Шыңғыс Айтматовтың тек әдебиет әлеміндегі ғана емес, кеңестік кезеңнің саяси процестеріндегі де ықпалды тұлға болғанын тағы бір мәрте еске салды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Алматы облысында әйелі мен ұлы полицейді өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген

24.06.2026652 Views

Жаңа Конституция күшіне енсе Үкімет отставкаға кете ме?

24.06.20262 159 Views

Бірлескен отырыс шақырылды: Парламент жұмысын тоқтата ма?

24.06.2026964 Views
Соңғы жаңалықтар

«Горбачев Назарбаевты қабылдағысы келмеген»: Шыңғыс Айтматовтың ұлы тың дерек айтты

24.06.2026

Алматы облысында әйелі мен ұлы полицейді өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген

24.06.2026

Жаңа Конституция күшіне енсе Үкімет отставкаға кете ме?

24.06.2026

Бірлескен отырыс шақырылды: Парламент жұмысын тоқтата ма?

24.06.2026

Мемлекет басшысы «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелінде сөз сөйледі

24.06.2026

Қазақстан Ақтау портының әлеуетін арттыруда

24.06.2026

Ақтөбе облысында қайтарылған жерлерді қайта игеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

24.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.