Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Әлеуметтік осал топтардың құқықтарын қорғау мақсатында жыл басынан бері 485 тексеру жүргізілді

23.06.2026
2026 жылдың басынан бері әлеуметтік инспекторлар мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында 485 тексеру жүргізді. Оның ішінде 212-сі жоспардан тыс, 167-сі профилактикалық бақылау аясында, ал 106-сы прокуратура органдарының талабы бойынша өткізілді. Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы 303 нұсқама беріліп, жалпы сомасы 38,9 млн теңгеден асатын 185 айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Мемлекеттік бақылаумен 56 мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар, 23 денсаулық сақтау нысандары, 94 білім беру ұйымдары, 238 әлеуметтік қорғау ұйымдары, 12 мәдениет, 1 спорт нысаны, 3 көлік инфрақұрылымы нысандары, 5 қоғамдық тамақтану орындары, 29 сауда және 24 өзге де нысандар қамтылды.

ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті білім беру нысандарының халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділігіне жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар беріліп, уәкілетті тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Алматыда мүгедектігі бар адамдар үшін қалалық ортаның қолжетімділігі мәселесі күн өткен сайын өзектене түсуде және бұл бағыттағы оң өзгерістер іс жүзінде де байқалып келеді. Мемлекеттік мекемелерге, сауда және қызмет көрсету нысандарына барған кезде арнайы жабдықталған кіреберістерді, пандустарды, лифтілер мен тактильді бағыттаушы жолақтарды жиі көруге болады. Ең бастысы, нысан иелері қолжетімді орта қалыптастыруды заң талабы ретінде ғана емес, сапалы қызмет көрсетудің маңызды бөлігі ретінде қабылдай бастады. Мұндай өзгерістер мүгедектігі бар азаматтардың өздерін анағұрлым дербес сезінуіне және қалалық инфрақұрылымды еркін пайдалануға мүмкіндік береді», – деді III топтағы мүгедектігі бар алматылық тұрғын Әлия Жұмағалиева.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.