Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Қазақстандағы автомобиль жолдары жобаларын жаңғырту: цифрлар мен деректер
Жаңалықтар

Қазақстандағы автомобиль жолдары жобаларын жаңғырту: цифрлар мен деректер

23.06.2026527 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
2026–2028 жылдарға арналған автомобиль жолдары саласын дамытудың үш жылдық жоспары аясында Қазақстанда республикалық маңызы бар автомобиль жолдары желісін ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылы республикалық маңызы бар автожолдардың шамамен 8,9 мың шақырымы жол жұмыстарымен қамтылды, бұл – соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

Жалпы алғанда, еліміз бойынша барлық деңгейдегі 11 мың шақырымнан астам автожол қамтылып отыр. Жұмыстар бірнеше бағытта жүргізілуде: халықаралық көлік дәліздерін реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу, сондай-ақ жаңа магистральдар салу.

Жобалардың қатарында II техникалық санаттағы «Қызылорда – Жезқазған» (400 км) автомобиль жолын реконструкциялау жобасы бар. Жұмыстар 2025 жылдың сәуір айында басталды. Қызылорда облысындағы 192 шақырым толық аяқталып, көлік қозғалысына ашылды. Ұлытау облысындағы 208 шақырымда реконструкциялау жұмыстары жалғасуда, жобаны аяқтау 2027 жылға жоспарланған. Қазіргі таңда нысанда 6 асфальт-бетон зауыты, 600-ден астам техника және 1011 адам жұмыс істеуде.

«Ақтөбе – Ұлғайсын» (28 км) проектінде 2024 жылдың маусым айынан бастап 102 техника мен 115 маман жұмылдырылған болса, бүгінде олардың саны 368 техника мен 499 техникалық маманға жетті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша асфальт-бетон жабыны төселген бір жолақта қозғалыс ашылды.

Ертіс өзені арқылы жаңа көпір салу жобасында 290 қызметкер мен 86 техника жұмылдырылған. Көпір өткелі мен оған кіреберіс жолдардың жалпы ұзындығы 2,7 шақырымнан асады.

Туристер үшін маңызды жобалардың бірі саналатын «Өскемен – Рахман қайнары» (28 км) жолында жол төсемі мен көпір құрылыстарын салу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта нысанда 65 техника мен 135 адам еңбек етуде.

«Петропавл – Ресей Федерациясының Қорған қаласына дейінгі шекарасы» жобасы бойынша 2024 жылы жалпы ұзындығы 30,2 шақырым жолдың 15,3 шақырымында қозғалыс ашылды. Жобаны аяқтап, пайдалануға беру осы жылдың тамыз айында күтілуде.

27 шақырымдық Атырау қаласының айналма жолында 66 техника мен 109 жұмысшы жұмылдырылған. Жалпы көлемі 1 503 мың текше метр болатын жер төсемінің 914 мың текше метрі салынды, 2 көпір мен 2 жол өтпесінің құрылысы жүргізілуде. Жұмыстарды аяқтау 2026 жылдың соңына дейін жоспарланған.

2030 жылға дейінгі жоспар аясында жаңа ірі жобаларды іске асыру көзделген. Олардың қатарында «Қызылорда – Ақтөбе» бағыты («Қызылорда – Сексеуіл» (462 км), «Ақтөбе – Ұлғайсын» (234 км), «Ұлғайсын – Сексеуіл» (312 км), «Бейнеу – Сексеуіл» (800 км)), «Орталық – Батыс (Астана – Ырғыз)» (896 км), «Жезқазған – Қарағанды» (572 км) автожолдары, сондай-ақ ірі қалалардың айналма жолдары (Сарыағаш айналма жолы – 102 км, Қызылорда айналма жолы – 26 км және Рудный қаласының айналма жолы – 17 км) бар.

2026–2027 жылдары аяқталуы жоспарланған жалпы ұзындығы 4 мың шақырым болатын 126 учаскеде орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүзеге асырылуда. Оның ішінде 321 шақырым күрделі жөндеумен, ал 3,6 мың шақырымнан астамы орташа жөндеумен қамтылған. Негізгі бағыттардың қатарында «Жезқазған – Петропавл», «Алматы – Шелек – Қорғас», «Атырау – Орал», «Жаңаөзен – Кендірлі – Түрікменстан шекарасы» және басқа да жолдар бар.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

32 су шаруашылығы нысанында шағын ГЭС салу жоспарланып отыр

23.06.2026253 Views

Әлеуметтік осал топтардың құқықтарын қорғау мақсатында жыл басынан бері 485 тексеру жүргізілді

23.06.2026274 Views

Қазақстанда газ құбырларын салу бойынша ірі жобалар іске асырылуда

20.06.2026193 Views
Соңғы жаңалықтар

32 су шаруашылығы нысанында шағын ГЭС салу жоспарланып отыр

23.06.2026

Әлеуметтік осал топтардың құқықтарын қорғау мақсатында жыл басынан бері 485 тексеру жүргізілді

23.06.2026

Қазақстандағы автомобиль жолдары жобаларын жаңғырту: цифрлар мен деректер

23.06.2026

Қазақстанда газ құбырларын салу бойынша ірі жобалар іске асырылуда

20.06.2026

Елімізде жаңа газ кен орындарын игеру жұмыстары қолға алынды

20.06.2026

Ақ-ирий қалашығынан Алтын орда дәуіріне қатысты жаңа деректер табылды

20.06.2026

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

20.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.