Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Мектеп оқулықтарынан 700-ден астам қате анықталды

10.06.2026
A DSLR photo of books at the library. Several books are arranged on a table with some open and others closed. The books have different colored spines. Blurred shelves of more books are in the background. Space for copy.

Қазақстан мектептерінде бірқатар оқулық жаңартылады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары − Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, қолданыстағы оқулықтардан 700-ден астам түрлі сипаттағы қателер мен ескертпелер анықталған. Анықталған кемшіліктер қатарында техникалық және стильдік қателер, деректік дәлсіздіктер, мазмұнға сәйкес келмейтін иллюстрациялар, оқу бағдарламасына үйлеспейтін материалдар, сондай-ақ ескірген әдіс-тәсілдер мен тұжырымдамалар бар.

Бұдан бөлек, ұлттық мазмұнға бейімделмеген материалдардың пайдаланылуы, математика пәніндегі қате анықтамалар мен тарихи оқиғаларға қатысты жаңсақ пікірлер мамандардың алаңдаушылығын тудырған.

Министрдің мәліметінше, кейбір оқулықтар белгіленген мерзімде жаңартылмай, тоғыз жылға дейін мазмұндық өзгеріссіз қолданылған.

«Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі оқулықтарды кезең-кезеңімен жаңартуды жоспарлап отыр. Жоспарға сәйкес, 2026 жылғы 30 тамызға дейін 3 және 7-сыныптардың, 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін 4 және 9-сыныптардың, ал 2027 жылғы 1 сәуірге дейін 8-сыныптың оқулықтары жаңартылады», деді Аида Балаева.

Еске сала кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова елімізде мектеп оқулықтарын жаңарту жұмысы жүйелі түрде жалғасатынын айтқан болатын.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.