Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Қазақстан мен Қытай ғалымдары шегірткеге қарсы экологиялық таза биопрепаратты сынақтан сәтті өткізді

09.06.2026
Түркістан облысында марокко шегірткесіне қарсы жаңа буындағы биологиялық препараттың далалық сынақтары сәтті аяқталды. Зерттеу нәтижелері энтомопатогенді Metarhizium anisopliae саңырауқұлағы негізінде әзірленген экологиялық қауіпсіз препараттың жоғары тиімді екенін көрсетті, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Жұмыстар «Шекаралас көбею ошақтарындағы шегірткелерге қарсы саңырауқұлақ негізіндегі биопрепараттарды қолдану технологиясын зерттеу және демонстрациялау» атты халықаралық жоба аясында жүргізілді. Зерттеуге Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының мамандары Қытай ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Өсімдік қорғау институтының ғалымдарымен бірлесіп қатысты.

Далалық сынақтар Түркістан облысы Қазығұрт ауданының жайылымдық алқаптарында өткізілді. Биологиялық агент ретінде Metarhizium anisopliae саңырауқұлағы негізіндегі препарат қолданылды. Бұл препарат химиялық инсектицидтердің тиімді әрі экологиялық қауіпсіз баламасы ретінде бағалануда.

Марокко шегірткесі (Dociostaurus maroccanus) жайылымдар мен ауыл шаруашылығы дақылдарына елеулі зиян келтіруге қабілетті, аса қауіпті шегіртке зиянкестерінің бірі болып саналады. Осыған байланысты өсімдіктерді қорғаудың биологиялық әдістерін дамыту агроөнеркәсіп кешенін экологияландырудың негізгі бағыттарының бірі ретінде қарастырылады.

Ғалымдардың пікірінше, сынақ нәтижелері препараттың жоғары биологиялық тиімділігін және қоршаған ортаға қосымша химиялық жүктеме түсірмей-ақ шегіртке зиянкестерінің санын реттеуде энтомопатогенді саңырауқұлақтарды қолданудың келешегі зор екенін дәлелдейді.

Алдағы уақытта зерттеушілер сынақтарды Қазақстанның әртүрлі климаттық аймақтарында кеңейтуді, сондай-ақ аталған технологияны шегіртке зиянкестерін мониторингтеу және олардың санын реттеу жүйесіне енгізу бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеуді жоспарлап отыр.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.