Бұл – еліміздің бірегей табиғи байлығын сақтауға үлес қосып жүрген мамандардың кәсіби мерекесі.
Бүгінде Қазақстанда көгалдандыру, экожүйелерді қалпына келтіру және экологиялық мәдениетті дамыту бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Алайда қоршаған ортаны қорғау тек ірі жобалар мен экологтардың еңбегімен ғана шектелмейді. Табиғатқа жанашырлық танытып, оған жауапкершілікпен қарау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.
Мереке құтты болсын!

