Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Жазда «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасы өткізіледі

29.05.2026
ІІМ кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударып отыр. Бұл бағытта тұрақты негізде тиісті заңдар қабылданып жатыр. Биыл 2 наурыздан бастап «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заң күшіне енді. Құжат құқық бұзушылықтардың алдын алуды жетілдіруге және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Бағланбек Айтпаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.

Жасөспірімдер арасындағы агрессия фактілері, интернет қатерлері, отбасындағы қолайсыз жағдайлар, ересектер тарапынан жеткіліксіз бақылау салдарынан болып жатқан оқиғалар көбеюі ерекше алаңдаушылық туғызады. Бұның алдын алу үшін полиция органдары жүйелі түрде профилактикалық шаралар жүргізеді. Оқу ордаларында да дәл осындай жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Еліміздегі әр мектепке полиция қызметкерлері бекітілді. Олар білім беру ұйымдарында құқықтық сауаттылық және кәмелетке толмағандардың мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған профилактикалық кездесулерді жүйелі түрде өткізеді. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта көшеде жүруіне, ойын-сауық орындарында заңды өкілдерінсіз болуына жол бермеу мақсатында «Жасөспірім» және «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Жыл басынан бері 52 мыңнан астам ата-ана және шамамен 1,5 мың кәсіпкер жауапқа тартылды», – деді спикер.

Жазғы кезең қарсаңында балалардың жол-көлік жарақаттарын алдын алуға ерекше көңіл бөлінуде. Мектеп демалысы басталар алдында «Абайлаңыз – балалар!» республикалық акциясы өткізілді. Кәмелетке толмағандарға алкоголь, темекі өнімдерін сату фактілерінің жолын кесу, олардың түнде заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында, көшелерде жүруін анықтауға бағытталған «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасы өткізілмек.

Азаматтар жаппай жиналатын орындарда, саябақтарда, ойын-сауық орталықтарында, қоғамдық орындарда тәртіпті сақтау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді.

Жазда кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жазатайым оқиғалар саны артады. Бұл кезеңде балалардың терезеден құлауы, су айдындарында қаза болуы жағдайлары жиі тіркеледі. Оның алдын алу үшін ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр.

Учаскелік инспекторлар балалар демалатын орындарға барып, мекеме әкімшілігімен тұрақты байланыс орнатады. Оларды тасымалдайтын автобустарды патрульдік полиция сүйемелдейді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.