Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Батыс Қазақстан облысында стратегиялық коммуналдық нысандар жаңғыртылуда
Жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында стратегиялық коммуналдық нысандар жаңғыртылуда

29.05.2026269 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы (ЭКСЖ) шеңберінде жүзеге асырылып жатқан жобалардың барысымен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Бүгінде өңірде коммуналдық инфрақұрылымды ауқымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жылумен, электрмен қамту, сумен жабдықтау және су бұру салаларында бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Өңір алдағы жылыту маусымына қарқынды дайындалуда. Жаңғыртылып жатқан негізгі нысандардың бірі – Орал қаласын жылу және ыстық сумен қамтамасыз ететін «ЖайықТеплоЭнерго» АҚ. Қазіргі уақытта кәсіпорын «қызыл аймақта» тұр. 2029 жылға дейін жүргізілетін жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде тозу деңгейін 83%-дан 60%-ға дейін төмендетіп, нысанды «сары аймаққа» шығару жоспарланған.

Сонымен қатар, тозу деңгейі 65%-ды құрайтын ұзындығы 1,8 шақырым болатын №7 жылу магистралін қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Қанат Бозымбаев құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын қатаң бақылауды тапсырды. Аталған жылу магистралі 24 бюджеттік мекеме мен 130 тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етеді.

Жобаны жүзеге асыру желілердің тозуын азайтуға, жүйенің өткізу қабілетін арттыруға және пайдалану шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді.

Келесі нысан Орал қаласының Зачаган кентіндегі №29 кәріз-сорғы стансасы болды. Қазіргі таңда мұнда құрылыс-монтаждау жұмыстарының 40%-ы орындалған. Жобаның құны – 1,7 млрд теңге. Жаңғырту аяқталғаннан кейін, 2027 жылдың соңына қарай станса тәулігіне 14 700 текше метрге дейін сарқынды суды айдай алады. Бұл жүйеге жаңа абоненттерді қосуға және кенттің коммуналдық инфрақұрылымын тиімді басқаруға жол ашады.

Одан кейін вице-премьер «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС-нің қалалық электр желілері кешеніне барды. Мұнда 138 шақырым электр желілерін жаңғыртуға бағытталған үш кезеңді жоба жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта жобаның екі кезеңі аяқталып, үшінші кезең бойынша жұмыстар жалғасуда.

Қанат Бозымбаев қазіргі жаңғырту қарқынын сақтау өңірдің коммуналдық инфрақұрылымындағы жүйелі мәселелерді шешуге және энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде облыстағы электр желілерінің тозу деңгейі 82%-дан 75,4%-ға дейін төмендеді.

Жұмыс сапары барысында отандық өндірушілерді қолдау мәселесіне ерекше назар аударылды. Жобаларда қазақстандық темірбетон тіректері, кабельдік-өткізгіш өнімдер, металл конструкциялар, трансформаторлық қосалқы стансалар, полиэтилен құбырлары және өзге де жабдықтар пайдаланылуда. Кейбір нысандарда қазақстандық қамту үлесі 80–99%-ға дейін жетеді.

29 мамырдағы мәліметке сәйкес ЭКСЖ электрондық платформасында Батыс Қазақстан облысы бойынша жалпы сомасы 113,7 млрд теңгені құрайтын 38 жоба тіркелген. Жалпы құны 21,9 млрд теңге болатын 10 пилоттық жоба белсенді жүзеге асырылу кезеңінде.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Жазғы лагерьде оқушылармен профилактикалық кездесу өтті

04.08.2026594 Views

Әлем барысы» атанған балуан Аягөз ауданына әкім болды

31.07.2026693 Views

Қасым-Жомарт Тоқаев Шолпан-Атаға барды

31.07.20261 854 Views
Соңғы жаңалықтар

Жазғы лагерьде оқушылармен профилактикалық кездесу өтті

04.08.2026

Әлем барысы» атанған балуан Аягөз ауданына әкім болды

31.07.2026

Қасым-Жомарт Тоқаев Шолпан-Атаға барды

31.07.2026

Балқаш мыс балқыту зауыты ауқымды жаңғырту бағдарламасын іске асыруда

31.07.2026

Каспий құбыр консорциумы мұнай жөнелтуді қайта тоқтатты

31.07.2026

Журналист Валерий Сургановқа халықаралық іздеу жарияланды

31.07.2026

Қазақстанның транзиттік мүмкіндігі қандай?

31.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.