Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА АУҚЫМДЫ ПРЕСС ТУР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА АУҚЫМДЫ ПРЕСС ТУР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

28.05.202660 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

АҚСУ АУЫЛЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ҚАРҚЫН АЛДЫ

Жалағаш ауданында ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Мемлекет басшысының ауыл тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру жөніндегі тапсырмасы аясында Ақсу ауылында бірқатар маңызды жобалар қолға алынған.
Қазіргі таңда ауылдағы М.Әуезов, Т.Қожақұлов және Ақбөгет көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 294,8 миллион теңгені құрайды. Сонымен қатар тағы үш көшені жөндеуге қатысты жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, тиісті ұсыныстар берілген.
Айта кетейік, өткен жылы Беркінбай кәлпе – Жалағаш бағытындағы автомобиль жолына жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, жол толықтай асфальтталып пайдалануға берілген болатын.
Бүгінде Ақсу ауылы тұрғындары көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Сонымен бірге электр желілерін жаңарту жұмыстары да кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Ауылдың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

ЖАЛАҒАШТАҒЫ «TATTI KIDS» ОРТАЛЫҒЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕ

Жалағаш кентінде кәсіпкерлік пен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған маңызды жобалардың бірі – «TATTI Kids» сауда-ойын-сауық орталығы.
Заманауи талапқа сай салынған орталық тұрғындарға сауда мен демалысты қатар ұсынатын қолайлы кеңістікке айналды. Екі қабатты нысанда сауда орындары және балаларға арналған ойын алаңдары орналасқан.
Орталық бір мезетте 60 адамға дейін қабылдай алады. Бұл жоба балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, отбасылық демалыс мәдениетін дамытуға және жергілікті кәсіпкерлікті қолдауға мүмкіндік береді.
Жобаның бастамашысы – жеке кәсіпкер Айкерім Гаюпова. Нысанның жалпы құны 150 миллион теңге болса, оның 20 миллион теңгесі «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы қаржыландырылған.

ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ – ТАБЫСТЫ КӘСІПТІҢ НЕГІЗІ

Жалағаш ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында тұрғындардың табысын арттыру бағытындағы жұмыстар нәтижесін беруде.
2025 жылы аталған бағдарлама арқылы жалпы құны 166,5 миллион теңгені құрайтын 33 жоба қаржыландырылып, 35 жаңа жұмыс орны ашылған.
Солардың бірі – кәсіпкер Ержан Құлмаханның құс шаруашылығы жобасы. Жобаға 2,5 миллион теңге көлемінде қаржы бөлініп, бүгінде кәсіпкер «Адлер» және «Ломан Браун» тұқымды 200 тауық өсіруде.
Жоба аясында арнайы инкубатор құрылғылары мен қажетті техникалық жабдықтар сатып алынған. Бұл бастама ауыл кәсіпкерлігін дамытуға және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тиімді жобалардың бірі болып отыр.

ЖЕКЕ БАСТАМА – СПОРТҚА ҚОЛДАУ

Жалағаш кентінде жеке кәсіпкер Орынбек Ильсясовтың бастамасымен салынған жаңа футбол алаңы тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді.
Жобаның жалпы құны 67 миллион теңгені құрайды. Ангар үлгісіндегі спорт нысанының көлемі 42×23 метр. Алаңға жоғары сапалы жасанды жабынды төселген.
Қазіргі уақытта мұнда мектеп оқушылары мен ересектер тұрақты түрде жаттығып, бос уақыттарын тиімді өткізуде. Арнайы сағаттық жүйемен жұмыс істейтін нысан салауатты өмір салтын насихаттауға және аудан спортшыларының дайындық деңгейін арттыруға оң ықпал етуде.

ЖАЛАҒАШТА «HARVEST AGRO» АГРОИНДУСТРИАЛДЫ КЛАСТЕРІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Жалағаш ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған ірі инвестициялық жобалардың бірі – «HARVEST AGRO» агроиндустриалды кластерінің алғашқы кезеңі іске қосылды.
Жобаның бірінші кезеңінде 8,7 мың гектар суармалы жерге жүгері егілсе, екінші кезеңде 32 мың гектар алқапқа жүгері, соя және техникалық қарасора орналастырылады.
Жалпы инвестиция көлемі 68 миллиард теңгеден асады. Жоба аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін заманауи өндіріс орны құрылып, 140 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
Қазіргі таңда инфрақұрылымдық жұмыстар жүргізілуде. Қараөзек өзенінен суару арналары тартылып, 142 жаңбырлатқыш қондырғы орнатылуда. Сонымен қатар цифрлық жүйелер мен жасанды интеллект элементтері енгізілуде.

ЕСЕТ БАТЫР ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

Жалағаш ауданында тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Қазіргі таңда аудан халқы толықтай орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған.
Осы жұмыстардың жалғасы ретінде Есет батыр елді мекенінде ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның жалпы құны 381,2 миллион теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жоба шілде айына дейін толық аяқталады деп жоспарланған.
Жоба аясында темір-бетоннан жасалған су құдықтарының ішкі жабдықтары толық жаңартылып, тұрғын үйлерге заманауи радиомодульді су есептегіш құралдары орнатылады.
Аталған жұмыстар халықтың тұрмыс сапасын арттырып, елді мекендердің инфрақұрылымдық әлеуетін нығайтуға бағытталған.

 

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ЖАС ТҮЛЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

25.05.20261 465 Views

Соңғы қоңырау: Елімізде 215 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасты

25.05.2026636 Views

Олжас Бектенов «ДӨО алқабы» жобасын жүзеге асыруға дайындық барысын тексерді

25.05.2026182 Views
Соңғы жаңалықтар

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА АУҚЫМДЫ ПРЕСС ТУР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

28.05.2026

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ — 2026» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢДЕРІНЕ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

26.05.2026

АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ЖАС ТҮЛЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

25.05.2026

Соңғы қоңырау: Елімізде 215 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасты

25.05.2026

Олжас Бектенов «ДӨО алқабы» жобасын жүзеге асыруға дайындық барысын тексерді

25.05.2026

АЙМАҚТА 10 МЫҢНАН АСТАМ ТҮЛЕК МЕКТЕП БІТІРДІ

25.05.2026

Ақтөбе облысында алькоголден бас тартқан ауылдар саны 40-қа жетті

25.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.