Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

ОБЛЫС ӘКІМІ ШИЕЛІ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

17.05.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетовпен бірге Шиелі ауданына жұмыс сапарымен барды.
Аймақ басшысының сапары қайта жаңғыртудан өткен Оқшы ата кесенесін аралаудан басталды. Оқшы ата кесенесі – Шиелі ауданының Жөлек ауылынан 7 шақырым қашықта орналасқан, IX-X ғасырда салынған көне архитектуралық ескерткіштердің бірі. Облыс әкімі тарихи нысанда жүргізілген қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысып, аумағын абаттандыру бойынша бірқатар тапсырма берді.
Одан кейін Алғабас ауылындағы «Жер – Жомарт Д» шаруа қожалығының егістік алқабына барды. 2014 жылы құрылған шаруашылық негізінен күріш және бау-бақша өнімдерін өсіруге басымдық береді.
Биыл шаруалар 1256 гектар жерге егін екті. Оның 214 гектары — күріш, 175 гектары — бау-бақша, 80 гектары — жоңышқа, 17 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Аймақ басшысы егін алқабында шаруалармен аграрлық саланы дамыту бағытында атқарылатын жұмыстар туралы пікір алмасты.

Ал тұрғындармен кездесу Шиелі кентіндегі «Руханият орталығында» өтті.
Онда ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысы, елді мекендердің инфрақұрылымын жетілдірудегі мәселелер талқыланды.
Мұрат Нәлқожаұлы елдің бірлігі мен тұрақтылығын нығайтуда жұртшылықтың, ел ағаларының ақыл-кеңесі мен ұсыныс-пікірлері маңызды екенін атап өтті.
Басқосуға жиналған көпшілік қолға алынған бастамалардың, алдағы жоспарлардың жемісті болуына тілек білдірді.
Жұмыс сапары соңында аймақ басшысы 836 млн теңгеге күрделі жөндеуден өткен Шиелі теміржол вокзалында болды. Ғасырдан астам тарихы бар вокзалдан тәулігіне 200-ге дейін жолаушы сапарға шығады. Ғимараттың жалпы ауданы – 637 шаршы метр, бүгінде ауданның сәулетті нысандарының біріне айналды.
Аймақ басшысы жұмыс сапарының қорытындысында жауапты сала жетекшілеріне кент және елді мекендерді дамыту бағытында нақты тапсырмалар берді.

default
default

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.