Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Соңғы қоңырау: Елімізде 215 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасты

25.05.2026

Бүгін еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылып, 2025-2026 оқу жылы аяқталды. Биыл оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтаса, оның ішінде 215 мыңнан астамы – 11-сынып түлектері.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл 31 мыңнан астам оқушы – 9-сыныпты үздік аяқтайтындар қатарында. Ал 11-сыныпты үздік аяқтауға – 18 мың оқушы үміткер. Бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында 420 мыңнан астам педагог еңбек етіп келеді.

Ал Президент тапсырмасымен қолданысқа берілген «Келешек мектептерінде» 220 мыңнан астам оқушы білім алып, 16 мыңға жуық педагог жұмыс істейді. Ұлттық жобасы аясында биыл 217 заманауи мектеп пайдалануға берілген. Оның 84-і ауылдық елді мекендерде орналасқан.

Биыл мектеп бітіру салтанаттарын өткізу тәртібіне қатысты талаптар күшейтілді. Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен шешіміне сәйкес, түлектерге арналған кештерді мейрамхана, дәмхана, банкет залы, демалыс орны немесе табиғат аясында ұйымдастыруға тыйым салынды.

Министрліктің мәліметінше, аттестат пен диплом табыстау рәсімдері тек білім беру ұйымдарының қабырғасында өткізілуі тиіс. Сондай-ақ ата-аналардан ақша жинауға, мұғалімдерге сыйлық жасауға немесе өзге де материалдық шығындарды талап етуге жол берілмейді. Оның орынына 25 мамыр күні еліміздің барлық мектептерінде «Білімім – Отаныма!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізіледі.

Сонымен қатар бітіруші түлектерге арналған емтихан мерзімдері белгілі болды. 9-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар 29 мамыр – 11 маусым аралығында өтеді. Олар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтихан тапсырады.

Ал 11-сынып түлектеріне арналған мемлекеттік емтихандар 2 маусым – 15 маусым аралығында өтеді. Оқушылар бес емтихан тапсырады, оның бірі ауызша форматта өткізіледі. Негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттар 17-18 маусым аралығында тапсырылады.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.