Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Үкімет Алматы облысында жалпы құны 32,5 млрд теңге болатын фармацевтикалық зауыт құрылысының жобасын мақұлдады
Жаңалықтар

Үкімет Алматы облысында жалпы құны 32,5 млрд теңге болатын фармацевтикалық зауыт құрылысының жобасын мақұлдады

25.05.2026267 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, отандық дәрілік заттар өндірісінің үлесін арттыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыру жалғасып жатыр. Аталған жұмыс аясында ҚР Үкіметі Денсаулық сақтау министрлігі мен «Steppe pharmaceuticals» ЖШС арасында жасалған Алматы облысындағы «Алатау» АЭА аумағында толық циклді биофармацевтикалық кешен салу жөніндегі инвестициялар туралы келісімді мақұлдады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Жеке инвестициялардың жалпы көлемі 32,5 млрд теңгені құрайды. Жаңа өндіріс жоғары технологиялық өндірістік қуаттарды локализациялауға және дамытуға бағытталған. Фармацевтикалық зауыт дәрілік препараттың 20 түрін шығаруды жоспарлап отыр. Олардың қатарында онкологиялық және сирек кездесетін ауруларды емдеуге арналған дәрілер, сондай-ақ заманауи иммунобиологиялық препараттар бар. Кәсіпорынды іске қосу 2031 жылға, жобалық қуатқа шығу 2032 жылға, ал негізгі бағыттар бойынша толық циклге көшу 2034 жылға жоспарланған.

Дәрі-дәрмек өндіру мен сертификаттаудан бөлек, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар да қарастырылған. Өзінің R&D бағытын дамыту, оның ішінде биоэквиваленттілік зерттеулерін жүргізу, тіркеу құжаттарын дайындау және халықаралық GMP стандарттарын енгізу жоспарланған. Бұдан бөлек, кешен базасында қазақстандық мамандарды оқыту және біліктілігін арттыру жүйесі құрылады.

Жобаны жүзеге асыру еліміздің дәрілік қауіпсіздігін нығайтуға және Алматы облысы аумағында заманауи фармацевтикалық өндіріс инфрақұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Шамамен 60 жаңа жұмыс орны ашылады.

Жалпы қазіргі таңда елде фармацевтикалық өндіріс саласында 8 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Фармацевтика саласы оң динамика көрсетіп отыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша отандық фармацевтикалық өнім өндірісінің көлемі 191,1 млрд теңгеге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 8,7%-ға өскен. Салаға тартылған жалпы инвестиция көлемі 390 млрд теңгеден асты.

Алматы облысында салынатын бұл кешен импортқа тәуелділікті азайтып, қазақстандықтарды сапалы әрі өмірлік маңызды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін маңызды жобалардың бірі болмақ.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ЖАС ТҮЛЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

25.05.20261 462 Views

Соңғы қоңырау: Елімізде 215 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасты

25.05.2026636 Views

Олжас Бектенов «ДӨО алқабы» жобасын жүзеге асыруға дайындық барысын тексерді

25.05.2026182 Views
Соңғы жаңалықтар

АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ЖАС ТҮЛЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

25.05.2026

Соңғы қоңырау: Елімізде 215 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасты

25.05.2026

Олжас Бектенов «ДӨО алқабы» жобасын жүзеге асыруға дайындық барысын тексерді

25.05.2026

АЙМАҚТА 10 МЫҢНАН АСТАМ ТҮЛЕК МЕКТЕП БІТІРДІ

25.05.2026

Ақтөбе облысында алькоголден бас тартқан ауылдар саны 40-қа жетті

25.05.2026

Тұңғышбай Жаманқұлов жеке өмірі туралы айтты

25.05.2026

33 пайызға өседі: газ бағасының қымбаттауына халық дайын ба?

25.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.