Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚЫЗЫЛОРДАДА БІР КҮНДЕ 600 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДАДА БІР КҮНДЕ 600 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

16.05.20263 921 Views
default
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетовтің, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ел ағаларының қатысуымен сол жағалаудағы құрамында 10 үй бар тұрғын үй кешенін табыстау рәсімі өтті.
Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауы – кейінгі жылдары ерекше қарқынмен дамыған аумақ. Мұнда әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй саны жыл өткен сайын артып келеді. Осы аумақта заманауи урбанистикалық шешімдер негізінде жайлы әрі қолайлы инфрақұрылым қалыптасып үлгерді.
Бүгінде сол жағалауда 169 нысан бар, 136 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, мыңдаған отбасы баспаналы болды. Халыққа қолайлы орта қалыптастыру мақсатында 20 әлеуметтік және 13 бизнес нысаны жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта мұнда 47 құрылыс салынып жатыр. Оның 25-і –көпқабатты тұрғын үй, 20-сы –кәсіпкерлік нысан, бір аурухана және бір емхана. Тұрғындардың қауіпсіз жол қозғалысын ұйымдастыру мақсатында Иса Тоқтыбаев көшесінен сол жағалауға өтетін төрт жолақты жаңа автомобиль көпірін салу жоспарланған.
Жаңа шағын аудан тұрғындарының саны 25 мыңнан асты, мектеп, балабақша, сауда орындары халық сұранысына сай қызмет көрсетеді. Қоғамдық көлік үздіксіз қатынайды. Бүгін кілті тапсырылған жаңа үйлердің тұрғындары да сол жағалаулықтар қатарын толықтырды.
Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген аймақ басшысы кейінгі жылдардағы халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды жобаларды атап өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қолжетімді баспана – арман емес, біздің азаматтарымыздың алдындағы міндетіміз» деген болатын. Бүгін тұрғын үй кезегінде тұрған жерлестерімізге жалпы аумағы 33 мың шаршы метрден асатын 600 пәтердің кілтін табыстап отырмыз.
Тұрғын үй кешенінің аумағында екі футбол, төрт спорт және ойын алаңы, тынығу аймағы, 250 орындық автотұрақ және үш коммерциялық нысан орналасқан. Алдағы уақытта да шаһар келбетіне сән беретін заманауи тұрғын үйлер бой көтереді.
Меншікті баспана – тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенімнің кепілі. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! Әр шаңыраққа бақ-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін», – деді Мұрат Ергешбаев.
Облыс әкімі бұл жобалардың аймақтағы құрылыс саласының әлеуетіне, құрылысшылардың кәсіби деңгейіне оң ықпал еткенін жеткізді.
Қызылордадағы тұрғын үй құрылысының қарқынын өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінен де, ай сайынғы осындай рәсімдер мен қоныстойлардан да байқауға болады. Бұл тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстарының бір жүйеге түскенін көрсетеді. Биылдың өзінде тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға 2400 пәтер табыстау үшін бюджеттен 55 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған.
Жиында Парламент Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетұлы сөз сөйлеп, ел ағасы Имамадин Зәкірұлы батасын берді. Тұрғын үйді сапалы етіп салған құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026725 Views

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026328 Views

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026792 Views
Соңғы жаңалықтар

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.