Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Alatau City-де eVTOL аэротаксиінің алғашқы демонстрациялық ұшуы өтті
Жаңалықтар

Alatau City-де eVTOL аэротаксиінің алғашқы демонстрациялық ұшуы өтті

20.05.2026853 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қазақстан өңірде қалалық әуе мобильділігің толыққанды экожүйесін, яғни  аэротаксиді, жеткізуші дрондарды және цифрлық навигацияны ұсынған алғашқы ел болды, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.

Қазақстанда технологиялық болашаққа маңызды қадам жасалды: ЖИ және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен Alatau City алаңында тік ұшып-қонатын инновациялық электрлі ұшу аппаратының — көбіне аэротакси ретінде белгілі eVTOL-дың алғашқы демонстрациялық ұшуы өтті.

Жоба қазақстандық Alatau Advance Air Group Ltd. (AAAG) компаниясының АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея және Италияның жетекші технологиялық ойыншыларымен серіктестіктегі тек жеке инвестициялары есебінен толықтай іске асырылуда. Өңірдегі қалалық әуе мобильділігін дамытуға бағытталған салымдардың жалпы көлемі 300 млн АҚШ долларына бағаланып отыр.

Мұндағы басты оқиға бір ұшқыш пен бес жолаушыға есептелген AutoFlight Prosperity жолаушылар аппаратының ұшуы. Ол 13 электр моторымен жабдықталған, сағатына 200 шақырымға дейін жылдамдық пен қашықтықты бір қуаттылықпен бағындыра алады. Дәстүрлі авиациядан ерекшелігі, бұл көлік іс жүзінде дыбыссыз жұмыс істейді және зиянды CO₂ шығарындыларын бөлмейді. Қауіпсіздіктің қатаң халықаралық талаптарына сәйкес, алғашқы сынақ ұшуы бортында адамдарсыз орындалды.

Инновациялық экологиялық көлікті дамыту елдің цифрландыру және технологиялық көшбасшылық жөніндегі ұзақ мерзімді стратегиясына толықтай сай келеді.

«Бүгін Қазақстан жаңа буын көлігін дамытуда маңызды қадам жасап отыр. eVTOL демонстрациялық ұшулары қалалық әуе ұтқырлығының серпінді технологиялары тұжырымдамадан біртіндеп тәжірибеге көшіп жатқанын көрсетеді. Alatau City үшін бұл ақылды қаланың жаңа инфрақұрылымын қалыптастыру деген сөз. Әңгіме аэротакси мен вертипорттардан бастап цифрлық навигация мен жүк дрондарына дейінгі тұтас экожүйені құру туралы болып отыр. Қазақстанда төмен биіктіктер экономикасы дәл осылай дами бастайды. Біз мұндай шешімдердің елге келуіне, қалаларымызға бейімделуіне және азаматтардың өмір сүру сапасына, бизнесті дамытуға және Қазақстанның технологиялық бәсекеге қабілеттілігіне жұмыс істеуіне жағдай жасаймыз», – деп атап өтті Премьер-Министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Ұйымдастырушылар мәселе тек жекелеген аппараттарды пайдалануда емес, жаңа сала – «төмен биіктіктер экономикасын» құру туралы болып отырғанын алға тартады. Іс-шарада сондай-ақ, корейлік және қытайлық әзірлеушілердің (Korea Airports Corporation және Shenzhen Urban Transportation Planning Center) UATM цифрлық навигациялық платформасы арқылы басқарылатын Keeta Drone (Қытай) және A2Z (АҚШ) компанияларының жүк жеткізуге арналған ұшқышсыз жүйелері таныстырылды. Morgan Stanley және McKinsey жетекші әлемдік талдаушыларының болжамдары бойынша, қалалық әуе ұтқырлығы алдағы онжылдықтарда әлемдік экономиканың түйінді салаларының біріне айналады.

Аэротаксиді аймақтың күнделікті өміріне кіріктіру үшін Alatau City-де алғашқы вертипорттың — аппараттардың ұшуына, қонуына және зарядталуына арналған шағын әрі технологиялық жерүсті алаңының құрылысы басталып кетті. Жобалаумен халықаралық UrbanV компаниясы айналысуда. Болашақта бірыңғай әуе желісі Alatau City, Алматы қаласын және Алматы облысының негізгі туристік орындарын байланыстырады. Мысалы, Алматы әуежайынан Медеу биік таулы курортына дейінгі есептік жол жүру уақыты небәрі 10-12 минутты құрайтын болады.

Ауқымды технологиялық серпіліс үшін құқықтық негіз де дайындалып қойған болатын. 2026 жылғы 8 мамырда Мемлекет басшысы «Алатау қаласының арнайы құқықтық режимі туралы» Конституциялық заңға қол қойды, ол Urban Air Mobility үшін эксперименттік құқықтық режимдер мен арнайы әуе аймақтарын құруды қарастырады. Қазіргі уақытта AAAG компаниясы мемлекеттік органдармен бірлесіп жаңа қаланың «әуе кодексін» қалыптастыратын 40-қа жуық нормативтік актіні әзірлеуге қатысуда, ал ұлттық авиация заңнамасына тиісті түзетулер Парламент Мәжілісінің қарауында.

Сонымен қатар, жобаны дамыту аясында AAAG AutoFlight компаниясымен V2000/V5000 сериялы 50 аппаратты жеткізуге меморандумға қол қойды. Бұл келісім техниканы сатып алудан бөлек, ноу-хауды толыққанды трансферттеуді, қазақстандық мамандарды оқытуды, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету және жөндеу (MRO) өңірлік орталығын құруды қарастырады.

AutoFlight өкілдері атап өткендей, «бүгінде eVTOL технологиялары электромобильдер осыдан 10-15 жыл бұрын бастан өткерген қарқынды өрлеу кезеңінде тұр, және Қазақстан бұл жаһандық трансформацияға алғашқылардың қатарында кіріп жатыр».

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Үкімет Степногорск және Көкшетау қалаларының жылу желілерін жөндеуге 3,9 млрд теңге бөлді

20.05.2026339 Views

Қазақстан мектептерінде 2025–2026 оқу жылы қорытындылануда

20.05.2026348 Views

Былтыр елге 11,1 млн шетелдік турист келді

20.05.2026215 Views
Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де eVTOL аэротаксиінің алғашқы демонстрациялық ұшуы өтті

20.05.2026

Үкімет Степногорск және Көкшетау қалаларының жылу желілерін жөндеуге 3,9 млрд теңге бөлді

20.05.2026

Қазақстан мектептерінде 2025–2026 оқу жылы қорытындылануда

20.05.2026

Былтыр елге 11,1 млн шетелдік турист келді

20.05.2026

Алакөлдің жағалауын нығайту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді

20.05.2026

Қазақстан мен Кения президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

20.05.2026

ШИЖАҒА АУЫЛЫНЫҢ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

20.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.