Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Үкімет Степногорск және Көкшетау қалаларының жылу желілерін жөндеуге 3,9 млрд теңге бөлді
Жаңалықтар

Үкімет Степногорск және Көкшетау қалаларының жылу желілерін жөндеуге 3,9 млрд теңге бөлді

20.05.2026341 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Мемлекет басшысының жылу-энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Ақмола облысының екі қаласы – Степногорск пен Көкшетаудағы инженерлік желілер мен жылу көздерінің тозуын төмендету үшін 3,9 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Қаражаттың негізгі бөлігі, шамамен 2,7 млрд теңге, Степногорск қаласындағы ұзындығы 7,5 шақырым магистральдық жылу желісін жөндеу жөніндегі жобаны аяқтауға бағытталады. Тағы 1,2 млрд теңге Көкшетау қаласының №1 және №2 қазандықтарының энергетикалық қазандықтарын, жабдықтары мен жүйелерін қалпына келтіруге жұмсалмақ.

Бүгінгі таңда Көкшетау қаласын жылумен екі қазандық қамтамасыз етіп отыр, негізгі жылу көзі – АҚ-2 қазандығы. Өткен жылы Үкімет резервінен бөлінген қаражат есебінен қалада кешенді техникалық жұмыстар жүргізілді, нәтижесінде жабдықтардың тозу деңгейі 44%-дан 42%-ға төмендеді. Степногорск қаласында Үкімет резерві есебінен 7,1 шақырым магистральдық жылу желілері жаңартылды, нәтижесінде тозу деңгейі 71,4%-дан 68%-ға қысқарды.

Аталған іс-шараларды жүзеге асыру өңір тұрғындарын жылумен тұрақты қамтамасыз етуге, желілердегі апатты жағдайларды азайтуға және болашақ жылыту кезеңдерінің қалыпты өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жалпы Үкіметтің еліміз бойынша қабылдаған шаралардың нәтижесінде 2025 жылы 10 энергоблокқа, 63 қазандыққа және 39 турбинаға күрделі жөндеу жүргізілді, 323 шақырым жылу желілері қайта жаңартылып, ауыстырылды, сондай-ақ 17 мың шақырым электр тарату желілері мен 420 қосалқы станса жөнделді. Бұл электр стансаларындағы жабдықтардың тозу деңгейін 53%-ға, жылу желілерінің тозу деңгейін 50%-ға дейін төмендетті, ал электр стансаларындағы технологиялық бұзушылықтар саны 15%-ға азайды.

Сондай-ақ, 8 ЖЭО тәуекел аймақтарынан шығарылды: бесеуі – «қызылдан» «сарыға», тағы үшеуі «сарыдан» «жасылға» көшірілді. Жекелеген жаңғырту жоспарлары бекітіліп, жөндеу жұмыстарын қаржыландыру күшейтілуде.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Жазғы лагерьде оқушылармен профилактикалық кездесу өтті

04.08.2026596 Views

Әлем барысы» атанған балуан Аягөз ауданына әкім болды

31.07.2026693 Views

Қасым-Жомарт Тоқаев Шолпан-Атаға барды

31.07.20261 854 Views
Соңғы жаңалықтар

Жазғы лагерьде оқушылармен профилактикалық кездесу өтті

04.08.2026

Әлем барысы» атанған балуан Аягөз ауданына әкім болды

31.07.2026

Қасым-Жомарт Тоқаев Шолпан-Атаға барды

31.07.2026

Балқаш мыс балқыту зауыты ауқымды жаңғырту бағдарламасын іске асыруда

31.07.2026

Каспий құбыр консорциумы мұнай жөнелтуді қайта тоқтатты

31.07.2026

Журналист Валерий Сургановқа халықаралық іздеу жарияланды

31.07.2026

Қазақстанның транзиттік мүмкіндігі қандай?

31.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.