Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Қазақстан алғаш рет балмұздақтың нетто-экспорттаушысы атанды
Жаңалықтар

Қазақстан алғаш рет балмұздақтың нетто-экспорттаушысы атанды

14.05.2026340 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қазақстанның балмұздақ нарығы 2025 жылдың қорытындысы бойынша рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізіп, отандық тамақ өнеркәсібінің қарқынды дамуын және елдің экспорттық әлеуетінің артып келе жатқанын дәлелдеді. Қазақстан Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы және салалық сарапшылардың деректеріне қарағанда, балмұздақ өндірісінің көлемі 63,2 мың тоннаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 22%-ға артты. Бұл 2000 жылдардың басынан бергі алғашқы жоғарғы көрсеткіш, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Ерекше атап өтерлігі Қазақстан тарихта алғаш рет балмұздақтың нетто-экспорттаушысы мәртебесіне ие болды. Жыл қорытындысы бойынша экспорт көлемі 36,8%-ға артып, 14,2 мың тоннаны құрады және импорт көрсеткішінен асып түсті. Қазақстандық балмұздақтар негізінен Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан елдеріне экспортталады.

Сонымен қатар импорт көлемі төмендеуде. Мәселен, 2025 жылы балмұздақ импорты 5,1%-ға қысқарып, 12,2 мың тоннаға дейін азайды. Бұл отандық өндірушілердің сыртқы нарықта бәсекеге қабілеттілігі артып, ішкі нарықта позициясының нығайып келе жатқанын көрсетеді.

Қарқынды өсім биылғы жылы да сақталуда. Қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша балмұздақ өндірісі бірден 58,6%-ға өсіп, 14 566 тоннаға жетті. Бұл өндірістің жыл санап нығайып келе жатқанын, ішкі және сыртқы нарықтарда өнімге деген сұраныстың жоғары екенін көрсетеді.

Аталған саланың негізгі қозғаушысы «Шин-Лайн» компаниясы деуге болады, ол Қазақстандағы балмұздақ экспортының 95%-ына дейін қамтиды. Бүгінде Шин-Лайн ТМД елдері арасындағы балмұздақ өндірушілер арасында 4-орында. Өткен жылдың қорытындысы бойынша компанияның экспортты 14,2 мың тоннаға жетті, ал экспорттық түсім 49 млн доллардан артық. Негізінен Қытай, Ресей, Беларусь, Моңғолия, Кавказ елдері және Орталық Азия мемлекеттерін қоса алғанда, оннан астам елді қамтиды.

Өсімнің маңызды факторларының бірі – өндірістік инфрақұрылымға салынған ауқымды инвестициялар. Атап айтқанда Байсеркедегі 50 гектар аумақта орналасқан заманауи зауыт өңірдегі ең ірі әрі технологиялық жағынан дамыған кәсіпорындардың бірі. Жалпы инвестиция көлемі 64 млрд теңге, онда 3500-ден астам адам қызмет етеді.

Экспорттың артуына жеткізілетін өнім құнының өсуі де ықпал етті. Былтыр қазақстандық балмұздақтың орташа экспорттық бағасы 1 кг үшін 3,47 долларға жетіп, отандық өнімнің қосылған құны мен сапасының артқанын көрсетті.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026520 Views

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026614 Views

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026917 Views
Соңғы жаңалықтар

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026

Түркістан облысында жылыжай шаруашылығын дамытуға 534 млрд теңгеден астам инвестиция салынады

02.07.2026

ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрестің нәтижелерін жариялады

02.07.2026

Қазақстан трансұлттық есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп жатыр

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.