Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Қазақстанда қуаты жылына 1 млн тонна металлургиялық кокс өндіруге жететін жаңа зауыт іске қосылады
Жаңалықтар

Қазақстанда қуаты жылына 1 млн тонна металлургиялық кокс өндіруге жететін жаңа зауыт іске қосылады

14.05.2026286 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы әртараптандыру және жоғары қайта бөлу кластерлерін құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі Энергетика министрлігі мен «Kazakhstan Success Coking Energy» ЖШС арасындағы Қарағанды облысында металлургиялық кокс өндіретін зауыт салу бойынша инвестициялық келісімді мақұлдады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Жоба Қарағанды облысы Абай ауданы Дубовка кентінде қуаты жылына 1 млн тоннаға дейін металлургиялық кокс өндіретін кәсіпорын салуды көздейді. Жеке инвестициялардың жалпы көлемі – 63,5 млрд теңге. Кәсіпорында 500-ге дейін тұрақты жұмыс орны ашылады, ал жерасты кенішінің құрылысы қосымша 500 жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

Зауыт құрылысы көмір шикізатын терең өңдеуді дамытуға, жоғары қосылған құны бар өнім шығаруға және Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға бағытталған. Көмір химиясы өнімдері энергетика, ауыл шаруашылығы, металлургия, фармацевтика және басқа да салаларда кеңінен қолданылады. Ішкі нарық толық қамтылған соң, артық өнім экспортқа шығарылады.

Өндірісті іске қосу 2029 жылға жоспарланған. Алғашқы кезеңде қуаты жылына 500 мың тоннаға дейін кокс өндіруге мүмкіндік береді. 2031 жылдың соңына қарай кәсіпорын толық жобалық қуатына шығып, жылына шамамен 1 млн тонна металлургиялық кокс өндіруді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ инвестор құрылыс барысында отандық өндірушілердің тауарларын, жұмыс күшін және қызметтерін пайдалануға басымдық беруге міндеттеме алады. Бұл қазақстандық жеткізушілердің жүктемесін арттырып, жобаның аралас салаларға экономикалық ісерін күшейтуге мүмкіндік береді.

Жоба Қазақстанның индустриялық базасын дамыту үшін маңызды: ол жеке инвестициялар тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, отандық жеткізушілерді қолдау және қосылған құны жоғары өнім өндіру міндеттерін біріктіреді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Үкіметте Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өтті

14.05.2026571 Views

Қазақстан алғаш рет балмұздақтың нетто-экспорттаушысы атанды

14.05.2026339 Views

Астанада ТМҰ елдерінің бизнес-форумы ашылды

14.05.2026186 Views
Соңғы жаңалықтар

Үкіметте Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өтті

14.05.2026

Қазақстан алғаш рет балмұздақтың нетто-экспорттаушысы атанды

14.05.2026

Қазақстанда қуаты жылына 1 млн тонна металлургиялық кокс өндіруге жететін жаңа зауыт іске қосылады

14.05.2026

Астанада ТМҰ елдерінің бизнес-форумы ашылды

14.05.2026

Қазақстан жол битумына деген ішкі сұранысты толық қамтамасыз етті

14.05.2026

Қарағанды облысында денсаулық сақтау саласын жаңғырту жалғасуда

14.05.2026

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

14.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.