Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Таразда автосалон менеджері 8 жылға сотталды

06.05.2026

Таразда автосалонның бұрынғы менеджері ірі көлемдегі алаяқтық үшін сотталды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Қаланың 25 жастағы тұрғыны автосалонда сату бөлімінің басшысы болып жұмыс істеп жүріп, клиенттер мен жұмыс берушісін алдаған. Тергеу деректеріне сәйкес, ол клиент әйелге құны 90 млн теңге тұратын көлігін жаңасына ауыстырып беруге уәде етіп, автокөлікті сатып жіберіп, қаражатты өз пайдасына жұмсаған. Кейін бұл әрекетін жасыру үшін басшылықтың рұқсатынсыз автосалонға тиесілі 83 млн теңгелік жаңа көлікті клиентке берген.
Бұдан бөлек, айыпталушы сатуға қалдырылған құны 68 млн және 34 млн теңге болатын автокөліктерді сатып, ақшасын иемденген. Сондай-ақ, автосалон меншігіндегі құны 59 млн теңге тұратын жаңа Toyota Land Cruiser көлігін төмен бағамен өткізіп жіберген.
— Сот оны аса ірі мөлшерде алаяқтық және сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену баптары бойынша кінәлі деп таныды. Алғашқы үкіммен оған 5 жыл 1 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Бұл ретте сот оның жасын және кінәсін ішінара мойындауын жеңілдететін мән-жай ретінде ескерген. Алайда прокурордың наразылығы негізінде кассациялық сот істі қайта қарап, жаза мерзімін 8 жылға дейін ұлғайтты. Себебі келтірілген материалдық шығын өтелмеген, — делінген хабарламада.
Мамандар азаматтарға көлік сатып алу кезінде сақ болуға кеңес береді. Атап айтқанда, келісімшарт талаптарын мұқият тексеріп, құжаттардағы мөрлердің сәйкестігіне көз жеткізу және төлемнің тікелей компанияның ресми шотына түскенін бақылау қажет.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.