Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Алматы әуежайына шұғыл қонған швейцариялық Swiss ұшақтың құпиясы ашылды

06.05.2026

Швейцарияның SWISS әуе компаниясына тиесілі Сеул–Цюрих бағытындағы LX123 рейсінің Алматыға шұғыл қонуына қатысты жаңа мәліметтер жария болды. Белгілі болғандай, ұшақтың бағытын өзгертуіне борттағы екінші пилоттың денсаулығы себеп болған.

Airbus A350 ұшағында 227 жолаушы мен 14 экипаж мүшесі болған. Ұшу барысында екінші пилоттың жағдайы күрт нашарлаған. Оған жолаушылар арасындағы үш дәрігер алғашқы көмек көрсеткен.

Шетелдік БАҚ таратқан мәліметке сәйкес, дәрігерлер пилотты мүмкіндігінше тезірек ауруханаға жеткізу үшін ұшақты ең жақын қолайлы әуежайға қондыруға кеңес берген. Осыдан кейін экипаж Алматы әуежайына бағыт алған.

SWISS әуе компаниясы жағдайға байланысты пікір білдіріп, қызметкердің денсаулығы бірінші орында екенін атап өтті.

— Әріптесіміздің денсаулығы мен амандығы — біз үшін ең басты мәселе, — деп мәлімдеді компания өкілдері.

Сондай-ақ тасымалдаушы рейстің кешігуі мен бағыттың өзгеруі жолаушылардың жоспарына әсер еткенін айтып, қолайсыздық үшін кешірім сұрады.

Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі пилоттың «жедел абдоминалдық синдром» күдігімен №4 қалалық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

Дәрігерлер оның жағдайын бақылауға алған.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.