Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»20 млн тонна: Қазақстан әлемдік мыс қоры бойынша 12-орынға шықты
Жаңалықтар

20 млн тонна: Қазақстан әлемдік мыс қоры бойынша 12-орынға шықты

06.05.2026561 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

АҚШ Үкіметімен тонның ішкі бауындай жұмыс істейтін U.S. Geological Survey атты компания әлемдегі пайдалы қазбалар қорының көлемін есептеп шығарыпты.

Биылғы тізімде Қазақстан да жүр. Мәселен, дүниежүзіндегі мыс қорының үлесі бойынша еліміз 12-орында екен. Компанияның деректеріне сәйкес, 2026 жылдың ақпан айындағы жағдай бойынша әлемдік мыс қоры шамамен 980 млн тоннаны құрайды. Ал мұндағы Қазақстанның үлесі шамамен 20 млн тонна болады. Яғни, әлемдік мыс қорының 2 пайызы қазақ даласында жатыр дегенсөз. Бұл көрсеткіш елімізді мыс кеніші бойынша ықпалға ие елдер тізімде 12-орынға шығарады.

Жалпы, алғашқы ондықтағы елдердің тізімі былай түзілген: 1-орында Чили,180 млн тонна, 2-орында Австралия, 100 млн тонна, ал 3-орында Перу 85 млн тонна мыс қорымен TOP-3 тізімді бастаса, ары қарай 80 млн тонна мыс қоры бар Ресей мен Конго Демократиялық Республикасы 4-5 орындарда тұрса, 6-орынға 53 млн тонна мысы бар Мексика көтерілген. Ал алпауыт АҚШ бұл тізімде 7-орында, 47 млн тонна мыс қоры бар. Сәйкесінше, 8-орын Қытай, 41 млн тонна, 9-орын Польша, 33 млн тонна және 10-орын Замбия, 21 млн тонна мыс қорымен тізімді түйіндейді. Ал Қазақстан 11-орындағы, 21 млн тонна мысы бар Индонезияден кейін тұр.

Жалпы, бұдан әлемдегі басқа елдерде мыс кеніші мүлдем жоқ деген түсінік тумауы керек. U.S. Geological Survey мәліметінше, тізімдегі 12 елден басқа мемлекеттердегі мыстың жиынтық қоры 210 млн тоннаны құрайтын көрінеді.

Айтпақшы, Қазақстандағы нақты мыс ресурстары ресми статистикадан едәуір жоғары болуы мүмкін екен. Геологиялық барлау жұмыстарының болжамды дерегі бойынша еліміздің мыс қоры 20 млн тонна емес, одан 1,5 есеге дейін артуымүмкін. Яғни, бұл жағдай елдегі геологиялық барлау жұмыстарының толық жүргізілмеуі себепті және жаңа жобалар бойынша деректердің қайта қаралуымен байланысты өзгеруі ықтимал екен.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Байлық бәйгесі: әлемде 3110 долларлық миллиардер бар

06.05.2026856 Views

Таразда автосалон менеджері 8 жылға сотталды

06.05.2026547 Views

Ақмола облысында Бауыржан Байбектің әкесі жаңа өндіріс ашты

06.05.2026951 Views
Соңғы жаңалықтар

Байлық бәйгесі: әлемде 3110 долларлық миллиардер бар

06.05.2026

Таразда автосалон менеджері 8 жылға сотталды

06.05.2026

Ақмола облысында Бауыржан Байбектің әкесі жаңа өндіріс ашты

06.05.2026

Тұңғышбай Жаманқұлов бұрын-соңды ел естімеген шындықты айтты

06.05.2026

Алматы әуежайына шұғыл қонған швейцариялық Swiss ұшақтың құпиясы ашылды

06.05.2026

20 млн тонна: Қазақстан әлемдік мыс қоры бойынша 12-орынға шықты

06.05.2026

Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды

06.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.