Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»АЙМАҚТА HARVEST AGRO АГРОИНДУСТРИАЛДЫ КЛАСТЕРІН ҚҰРУ ЖОБАСЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

АЙМАҚТА HARVEST AGRO АГРОИНДУСТРИАЛДЫ КЛАСТЕРІН ҚҰРУ ЖОБАСЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

22.04.2026953 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен келіп, Harvest Agro компаниясының агроиндустриалды кластерін құру жобасының бірінші кезеңін іске қосу және алғашқы дән себу рәсіміне қатысты.
Оған Harvest Kazakhstan серіктестігінің бас директоры Дәулет Увашев, Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов, Жамбыл, Түркістан облыстарынан арнайы делегация, аудан әкімдері мен өңірлік қаржы және даму институттарының, шаруашылық құрылымдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары келді.
«Президентіміздің қолдауымен облыстың егін шаруашылығын әртараптандыруға, су ресурстарын үнемдеу технологиясын кеңінен енгізуге алдағы үш жылға 34 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Биыл осы мақсатқа 10 млрд. теңге қарастырылды.
Бұл – Мемлекет басшымыздың Сыр диқандарын ерекше қолдауы. Су ресурстарының азаюы бұрынғы дағдыларды қайта қарауды, табиғатпен үндес, үнемшіл әрі тиімді жолдарды таңдауды талап етті.
Бүгінгі бастама – жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын, өңіріміздің экономикалық әлеуетін, халықтың әл-ауқатын арттыратын стратегиялық маңызды қадам.
Жобаны жүзеге асыруға бастамашы болып, зор үлес қосқан инвесторларға тағы да шынайы алғысымызды, зор ризашылығымызды білдіреміз. Зауыт құрылысының сәтті аяқталуына, жаңа нысанның ел игілігіне қызмет етуіне тілектеспін», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Рәсімде облыс прокуроры Ризабек Кәрімұлы, Harvest Agro серіктестігінің басшысы Дәулет Нұрланұлы сөз сөйлеп, ел ағасы Биғали Әбдікерұлы батасын берді.
Агроиндустриалдық кластер құру жұмыстарын сапалы жүргізіп, жобаның жүзеге асуына үлес қосқан азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Айта кету керек, жобаның бірінші кезеңінде 8,7 мың гектар суармалы жерге жүгері, екінші кезеңінде 32 мың гектарға жүгері, соя, техникалық қарасора егіліп, 68 млрд.теңгеден астам қаржыға дақылдарды терең өңдейтін жаңа өндіріс орны ашылады. Зауыт заманауи жоғары сапалы технологиялармен жабдықталып, 140 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді.
Жоба ауыл шаруашылығын дамытуға, суармалы жер көлемін ұлғайтуға және өңделген өнім экспортын арттыруға бағытталған. Қазір 30 мың гектар жер игерілуде, ал алдағы уақытта бұл көрсеткішті 300 мың гектарға дейін жеткізу жоспарланған. Егін өсірумен қатар, өнімді өңдеу, сақтау, тасымалдау және өткізу біртұтас жүйе ретінде дамытылады.
Бүгінде негізгі инфрақұрылым жұмыстары қарқын алған. Қараөзек өзенінен суару арналары тартылып, 142 жаңбырлатқыш қондырғы орнатылуда. Бұл су ресурстарын 30 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.
Егіс алқаптарын бақылау және басқару үшін цифрлық жүйелер, жасанды интеллект элементтері енгізілуде. Алғашқы кезеңде 80 мың тоннаға дейін жүгері өнімін алу жоспарланған. Бұл – елімізде ірі агроөнеркәсіптік кластер қалыптастыруға бағытталған маңызды жобалардың бірі.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Республикалық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті

25.04.2026392 Views

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ЕГІСКЕ АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛДІ

24.04.2026853 Views

Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты

24.04.2026630 Views
Соңғы жаңалықтар

Республикалық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті

25.04.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ЕГІСКЕ АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛДІ

24.04.2026

Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты

24.04.2026

Теміржол бойындағы дежавю және жаңа транзиттік саясат

24.04.2026

«Қазақстанның мүддесі толық ескеріледі» – Песков «Достық» жайлы мәлімдеме жасады

24.04.2026

Соңғы бес жылдың ішінде Қазақстанда ана өлімі 35%-ға төмендеген

24.04.2026

Жұмыс берушілер тәуекелдерді жоюға міндеттеледі

24.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.