Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Ерболат Досаев тағы бір қызметінен босатылды

21.04.2026

Президент әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Ерболат Досаев «Бәйтерек ұлттық инвестициялық холдингі» директорлар кеңесінің құрамынан шықты. Бұл туралы Қазақстан қор биржасында (KASE) жарияланған ақпаратта айтылған, деп хабарлайды ultnews.kz.

Мәліметке сәйкес, директорлар кеңесінің құрамын өзгерту туралы шешім 2026 жылғы 7 сәуірде қабылданған. Айта кетейік, Ерболат Досаев аталған холдингтің директорлар кеңесіне биыл қаңтар айында ғана кірген болатын.

Қазіргі таңда директорлар кеңесінің құрамында Премьер-министр Олжас Бектенов, оның бірінші орынбасары Роман Скляр, сондай-ақ Серік Жұманғарин, Мәди Такиев, Ерсайын Нағаспаев, Рустам Қарағойшин, Дэниель А. Витт, Мэри-Елен Берар және Манфред Грундке бар.

Еске салайық, 25 наурыз күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерболат Досаевты Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатқан еді. Ол бұл қызметте шамамен алты айға жуық уақыт жұмыс істеді.

Ерболат Досаев Президент әкімшілігіне 2025 жылғы 19 қыркүйекте тағайындалған. Оған дейін Алматы қаласының әкімі қызметін атқарған.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.