Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Жамбыл облысында көктемнің ең ауқымды екі фестивалі өтеді

20.04.2026
Туризм және спорт министрлігі бекіткен 2026 жылға арналған туристік «зәкірлік» іс-шаралар күнтізбесі аясында Жамбыл облысында өңірдің мәдени және табиғи туризмін дамытуға бағытталған екі ірі халықаралық іс-шараны ұйымдастырады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

«Тараз – қолөнершілер қаласы» халықаралық қолөнершілер фестивалі 2026 жылғы 23 сәуірде «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде өтеді. Фестивальдің ашылуы сағат 10:00-де Dombyra Party бағдарламасымен басталады. Күн бойы қонақтарға киіз үйлер қалашығында концерттік бағдарламалар, Алматы, Түркістан және шетелден келген шеберлердің көрмелері мен шеберлік сабақтары ұсынылады. Көрмелер «Көркемсурет» галереясында, «Қолөнершілер үйінде», сондай-ақ кешеннің ашық алаңдарында ұйымдастырылады.

Кешкі бағдарлама сағат 19:00-де басталып, ұлттық киімдер көрсетілімін және HasSak этно-фольклорлық ансамблі, «Қоңыр» тобы, Наркенже Серікбаева және өзге де өнерпаздардың қатысуымен гала-концертті қамтиды. Сонымен қатар көрме залында ASPARA FASHION WEEK халықаралық сән апталығының XVII маусымы көрсетіледі.

«Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі 2026 жылғы 25 сәуірге жоспарланған. Іс-шара Талас ауданындағы Есейхан ауылының маңында өтеді. Фестиваль Жамбыл өңірін Грейг қызғалдағының тарихи отаны ретінде танытуға және экологиялық туризмді дамытуға бағытталған.

Фестиваль бағдарламасында 20 киіз үйден тұратын этноауыл, сахна, ұлттық спорт түрлеріне арналған алаңдар, фудкорт және тақырыптық фотозоналар қарастырылған. Қонақтар облыстық филармония әртістерінің концертін, «Қызғалдақтың шығу тарихы» атты театрландырылған қойылымды тамашалап, өңірдің туристік нысандарына танымдық экскурсияларға қатыса алады. Сондай-ақ ұлттық ойындар мен салт-дәстүрлер көрсетіліп, «Қымызмұрындық» рәсімі ұйымдастырылады.

Фестиваль аясындағы ерекше оқиғалардың бірі – халықаралық экологиялық бастама: Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына өңір аумағына отырғызу үшін 40 000 қызғалдақ пиязшығын табыстауды жоспарлап отыр.

Аталған фестивальдер өңір экономикасының дамуына серпін беріп, туристер ағынын арттыруға, инфрақұрылымды жетілдіруге және шағын әрі орта бизнесті қолдауға ықпал етеді.

Жамбыл облысы тұрғындар мен ел қонақтарын осы жарқын іс-шараларға қатысып, өңірдің бай мәдени мұрасы мен ерекше табиғи келбетін тамашалауға шақырады.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.