Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Туризм Алматыға 110 млрд теңгеден астам табыс пен 200 млрд теңгеге жуық инвестиция әкелді

17.04.2026
Туризм Алматы экономикасындағы үлесін арттырып, негізгі қаржылық көрсеткіштер бойынша тұрақты өсім көрсетіп келеді. 2025 жылы көрсетілген туристік қызметтердің көлемі 15,2%-ға артып, 110,9 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды әкімдік сайты.

Салаға тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 198,8 млрд теңге болып, 39,4%-ға өсті. Инвестицияның басым бөлігі қалааралық жолаушылар теміржол тасымалына, өнер, ойын-сауық және демалыс саласына, жолаушыларды құрлықпен және әуе көлігімен тасымалдауға, орналастыру және тамақтандыру қызметтеріне, сондай-ақ жеңіл автокөліктерді жалға беру мен лизингке бағытталды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша туризм саласынан түскен салық түсімі 27,2%-ға өсіп, 84 млрд теңгеге жетті. Негізгі үлесті қоғамдық тамақтану, спорт, демалыс және ойын-сауық, сондай-ақ уақытша орналастыру қызметтері қамтамасыз етті.

Аталған көрсеткіштер туристік саланың тұрақты дамып келе жатқанын және оның Алматы экономикасына елеулі үлес қосып отырғанын көрсетеді. Бұл туризмнің қала өсімінің басым бағыттарының бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.