Атыраудағы атышулы қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде ұсталған Сұлтан Сәрсемәлиевтің Индонезияда қолға түсуіне қатысты жаңа деректер жария болды, деп хабарлайды kznews.kz.
Индонезиялық құқық қорғау органдарының өкілі Рикки Пурнаманың мәліметінше, Ломбок аралындағы қонақүйге полиция кірген сәтте күдікті қашуға әрекет жасаған. Алайда ол оқиға орнында ұсталған.
Арнайы операцияға Индонезиядағы Интерполдың Ұлттық орталық бюросы, Солтүстік Ломбок полициясы және көші-қон қызметінің өкілдері жұмылдырылған.
Тергеу деректеріне сәйкес, Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева 2025 жылдың 14 желтоқсанында Малайзияның Куала-Лумпур қаласынан Бали аралына ұшып келген. Кейін олар Ломбок аралына көшіп, ұсталғанға дейін сол жерде тұрған.
