Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Қызылорданың жаңа газ электр станциясы тәулік бойы энергия өндіре бастады

14.04.2026
Қызылордадағы қуаттылығы 240 МВт және жылу энергиясын өндіру көлемі 277 Гкал болатын жаңа бу-газ қондырғысында (БГҚ) іске қосу-реттеу жұмыстарының белсенді кезеңі жүріп жатыр. Қазіргі уақытта екі газ турбиналы қондырғы тәулік бойы жұмыс істеп, біртұтас энергия жүйесіне 170 МВт қуат беріп отыр және еліміздің оңтүстік аймағы үшін қосымша генерацияны қамтамасыз етуде, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

Жақын арада тағы бір бу турбинасын пайдалануға беру жоспарланған, бұл станцияны жобалық көрсеткіштерге шығаруға мүмкіндік береді.

Қызылорда БГҚ-сын іске асыру – Энергетика министрлігінің Қазақстанның энергетикалық негізін жаңарту жөніндегі ауқымды жоспарының бір бөлігі. Ағымдағы жылы республикада дәстүрлі және жаңартылатын энергияның рекордтық 2,64 ГВт қуатын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жылдық жоспарға төрт бу-газ қондырғысын, екі жел және төрт күн электр станциясын іске қосу, сондай-ақ екі нысанның қуаттылығын кеңейту жұмыстары енгізілген.

Жаңа энергия нысандары жылына шамамен 16 млрд кВт*сағ электр энергиясын өндіреді деп күтілуде. Бұл шаралар 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай елдегі энергия тапшылығын толық жоюға, ал 2029 жылға қарай қуаттардың тұрақты профицитін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.