Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

АРАЛ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ҮШЖАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

13.04.2026

Бүгін Арал қаласында облыстық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның көшпелі отырысы ұйымдастырылды. Мәжіліске облыстық және аудандық комиссия мүшелері, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, кәсіпкерлер мен кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері қатысты.

Жиынды комиссия төрағасының орынбасары, Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Мақсұт Нәлібаев жүргізді.

Аудан әкімінің орынбасары Ш. Есжанов жиындағы кіріспе сөзде өңірдегі әлеуметтік әріптестік пен еңбек қатынастарының даму барысына тоқталды.

Одан кейін облыстық қоғамдық даму басқармасының мониторинг және талдау бөлімінің басшысы С. Сахиев облыс аумағындағы әлеуметтік шиеленіс картасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Келесі кезекте Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Б. Жұмағұлов өңірдегі еңбек қатынастарының жалпы жағдайы мен еңбек тәуекелдері картасы аясындағы жұмыстар туралы баяндады.

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиал директоры Г. Денеева әлеуметтік аударымдар мен төлемдер бойынша қалыптасқан жағдайды баяндап, бірқатар проблемалық мәселелерге тоқталды.

Ал «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Ғ. Салықов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іске асырылу барысы туралы хабарлама жасады.

Жиын барысында кәсіпорындардағы еңбек дауларының алдын алу, жалақы берешегіне жол бермеу, әлеуметтік төлемдердің уақытылы аударылуын қамтамасыз ету, жұмысшылардың құқықтарын қорғау және еңбек қауіпсіздігін сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.

Жиын қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге еңбек тәуекелдері картасына енген кәсіпорындармен нақты жұмыстар жүргізу, әлеуметтік шиеленістердің алдын алу және өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында тиісті тапсырмалар берілді.

Комиссия отырысында әлеуметтік әріптестікті нығайту, жұмысшылардың құқықтарын қорғау және еңбек қатынастарын жетілдіру жолындағы маңызды алаң екені атап өтілді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.