Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»СЫР ЕЛІНДЕ БӘЙГЕДЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ
Аймақ жаңалықтары

СЫР ЕЛІНДЕ БӘЙГЕДЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

13.04.2026395 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қызылорда қалалық ипподромында бәйгеден Қазақстан чемпионатының І іріктеу кезеңі өтті. Жүйріктердің басты додасына еліміздің барлық аймағынан 150-ге жуық шабандоз қолтума құнан бәйге, құнан бәйге, топ бәйге, аламан бәйге, қолтума аламан бәйге бойынша бақ сынасты.
Оған облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин, ҚР Бәйге федерациясының вице-президенті Мұрат Өсербаев, ҚР Грек-рим еркін және әйелдер күресі федерациясының бірінші вице-президенті Дархан Сәрсенов, облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев арнайы қатысты.
Ардақ Зебешев ұлттық спортты дамытуда ат бәйгесінің ерекше маңыздылығына тоқталып, шабандоздарға сәттілік тіледі.
«Қазақ ұғымында жылқы қашан да тектіліктің белгісі саналады. Сондықтан да ат бәйгесі — көшпелі халықтың мәдени дәстүрінен тамыр тартатын ұлттық спорттың ең негізгісі. Бүгінде Сыр өңірінде 30 мыңға жуық спортшы ұлттық спортпен жүйелі түрде шұғылданып, халықаралық және республикалық жарыстарда топ жарып жүр. Олардың қатарында қазақ күресінен Ұлан Рысқұл, Мақсат Исағабылов, Нұрым Сәлімгереев, Еңбек Сақтағанов, Руслан Теміржан, тоғызқұмалақтан Бексұлтан Бостандықов, алыш күресінен Назерке Әбілтаева, көкпардан өңір тарихында тұңғыш рет Әлем чемпионатында тарихи нәтиже көрсеткен Медетбек Балғынбек бар. Осы ретте, ата-бабамыздан аманат болған ұлттық дәстүрді қастерлеп жүрген барша бапкерлерге, шабандоздарға және спорт жанашырларына зор алғыс білдіремін»,- деді Ардақ Темірханұлы.
Шарада Руслан Бахыттыұлы, Мұрат Өсербаев және Дархан Сәрсенов сөз сөйледі.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Еліміздің үш өңірінде жаңартылған бес теміржол вокзалы ашылды

30.06.2026539 Views

Аралық қорытындылар: 340 мың рет негізгі ҰБТ тапсырылды

30.06.2026237 Views

Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасы басталды

30.06.2026629 Views
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үш өңірінде жаңартылған бес теміржол вокзалы ашылды

30.06.2026

Аралық қорытындылар: 340 мың рет негізгі ҰБТ тапсырылды

30.06.2026

Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасы басталды

30.06.2026

48 млн шаршы метрден астам аумақ кенелерге қарсы өңделді

30.06.2026

Соңғы жарты жылда қоғамдық тамақтану орындарында 600-ден астам тексеру жүргізілді

30.06.2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйледі

30.06.2026

Ерлан Қарин жаңа қызметке тағайындалды

30.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.