Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

QazCopyright: биыл әртістерге ТВ мен радиодағы ротация үшін алғашқы төлемдер жасалады

10.04.2026
Қазақстанда жыл басынан бері QazCopyright бірыңғай цифрлық платформасы іске қосылды. Ол музыканы пайдалануды ашық түрде есепке алып, әртістер мен продюсерлерге шығармаларының әрбір орындалуы үшін сыйақы алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Америка мен Еуропада барлық әртіс пен продюсерлер әндерінің орындалғаны үшін ақы алады. Бізде, өкінішке қарай, бәрі тек қағаз жүзінде ғана жүзеге асты. Соның салдарынан әртістер мен продюсерлер шамамен 30 млрд теңге табыстан айырылған. Сондықтан біз бірыңғай ақпараттық жүйе құрдық. Мұнда ТВ мен радио бойынша барлық келісімшарт көрсетіледі. Ән қанша рет қойылса да, бәрі мобильді қосымшада көрінеді. Әр әртіс оны бақылап отыра алады. Жүйені қаңтарда іске қостық, ал алғашқы төлемдерді маусым-шілде айларында, тоқсан қорытындысы шыққаннан кейін күтіп отырмыз», – деді вице-министр.

Келесі жылы платформаның мүмкіндіктерін кеңейту жоспарланып отыр: теледидар мен радиодан бөлек, жүйе барлар, караоке және мейрамханаларды да қамтиды. Бұл музыкалық туындылардың кез келген қоғамдық орындарда орындалуын толық монетизациялауға мүмкіндік береді.

Жалпы, Бекболат Молдабековтың айтуынша, Әділет министрлігінің барлық ақпараттық жүйелері кезең-кезеңімен жасанды интеллект технологияларын енгізуді, ашықтықты арттыруды және қызмет көрсету уақытын қысқартуды көздейтін eGov 3.0 платформасына көшірілуде. Болашақта пайдаланушылар ведомствоның барлық қызметін eGov арқылы жасанды интеллектінің көмегімен алады.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.