Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Қазақстан Орталық Азиядағы алғашқы геологиялық форум алаңына айналды

03.04.2026
Астанада Geoscience & Exploration Central Asia 2026 халықаралық геологиялық форумы өтіп жатыр. Форум – өзекті мәселелерді талқылауға, тәжірибе алмасуға, жер қойнауын ұтымды және орнықты пайдалануға келісілген тәсілдерді әзірлеуге бағытталған геология саласындағы кәсіби диалог үшін жаңа өңірлік алаңның бастауы, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

Ведомство басшысы Ерсайын Нағаспаев құттықтау сөзінде Орталық Азия елдерінің экономикалық даму, өнеркәсіпті жаңғырту және энергетикалық қауіпсіздік үшін негіз саналатын айтарлықтай минералдық-шикізаттық әлеуетке ие екенін айтты. Сонымен қатар сала дәстүрлі кен орындарының сарқылуы, терең қабаттар мен қолжетімсіз аумақтардағы ресурстарды игеру қажеттілігі сияқты бірқатар қиындықтарға тап болып отырғанын жеткізді.

Осыған байланысты жер қойнауын геологиялық зерттеу жүйесін жаңғыртудың маңызы артып келеді. Қазақстан салада цифрлық мүмкіндіктерді енгізу және заманауи инфрақұрылымды дамыту арқылы реформаларды дәйекті түрде жүзеге асырып келеді.

«Біз инвесторларға өзекті әрі сенімді ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ететін заманауи ақпараттық жүйені қалыптастыру бағытында тыңғылықты жұмыс жүргізудеміз. Архивтік материалдарды цифрландыру, үлкен деректерді өңдеу және Жерді қашықтан зондтау технологияларын енгізу геологиялық барлау жұмыстарының тиімділігін арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады», – деді Ерсайын Нағаспаев.

Министрдің айтуынша, қабылданған шаралар саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға, геологиялық барлау жұмыстарын жандандыруға және отандық әрі шетелдік инвестициялар ағынын ұлғайтуға ықпал етті.

Сонымен қатар өңірлік ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Орталық Азия елдері бірлескен геологиялық барлау жобаларын, оның ішінде аса маңызды шикізат түрлері бойынша жобаларды жүзеге асыруда бірегей мүмкіндіктерге ие.

«Біздің алдымызда ортақ міндет тұр — қолда бар ресурстарды барынша тиімді пайдалану және олардың әлеуетін болашақ ұрпақ үшін сақтау. Күш-жігерді біріктіру Орталық Азияның геология саласын жаңа даму деңгейіне көтеруге мүмкіндік береді деп сенемін», – деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.

2-3 сәуір күндері өтіп жатқан форумға Орталық Азия елдерінің делегациялары, мемлекеттік органдардың, ұлттық геологиялық қызметтердің және жетекші компаниялардың өкілдері қатысуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 20 қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында, сондай-ақ 10 ақпанда болған Үкіметтің кеңейтілген отырысында геологиялық барлау жұмыстарын жандандырудың, жаңа көмірсутек кен орындарын игерудің және геология саласына жеке инвестиция тартудың маңызын атап өткен болатын.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.