Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

03.04.2026
Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс істейді. Олардың қатарында волонтерлік және жастар ұйымдары, медиация институттары, ғылыми-сарапшылық қауымдастық пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Осы ауқымды жұмысты қолдау мақсатында инфрақұрылымды дамытуға ерекше мән беріліп отыр. 2026 жылы Қызылорда қаласында жаңа Достық үйі ашылды. Қазіргі уақытта елімізде 36 Достық үйі жұмыс істейді. Онда этномәдени бірлестіктердің толыққанды қызмет жүргізуіне барлық қажетті жағдай жасалған.

Алғыс айту күні аясында республика бойынша 300-ден астам іс-шара ұйымдастырылды. Олардың қатарында «Алғыс эстафетасы», салтанатты кездесулер мен қайырымдылық акциялары бар. Негізгі іс-шаралардың бірі Бейбітшілік және келісім сарайында өткен республикалық форум болды.

Этномәдени бірлестіктер «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасын іске асыруға да белсенді атсалысып келеді. Олардың 300 мыңнан астам өкілі еліміздің барлық өңірлерінде экологиялық акциялар мен іс-шараларға тұрақты негізде қатысады.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.