Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

ВЕЛОСПОРТТАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КУБОГІ БАСТАЛДЫ

02.04.2026
«Евразия» спорт кешенінде велоспорттан Қазақстан Республикасы Кубогінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жарыс бағдарламасына ерлер арасында көпкүндік дода, әйелдер арасында жекелей жарыс, сондай-ақ юниор ұлдар арасында «Критериум» бағдарламасы енгізілген.
Салтанатты шараға облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының бөлім басшысы Сағидат Бертай, Қызылорда облысының велоспорт федерациясының президенті Рахат Ілияс, жарыстың бас төрешісі Алла Василенкова және спорт саласының ардагерлері қатысып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, ашылу салтанатында велоспорттан ҚР спорт шебері атағын алған жас спортшылар марапатталды.
Аталған жарысқа алғаш рет Әзірбайжан мемлекеті, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің өзге де өңірлерінен келген жалпы саны 12 команда қатысады. Спортшылар бірнеше күн бойы тас жолда өзара бақ сынап, өз шеберліктерін көрсетпек.
Бұл жарыс аймақта велоспортты дамытуға және жас спортшылардың өзара тәжірибе алмасуына үлкен мүмкіндік болмақ. Жарыс қатысушыларына сәттілік тілейміз!

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.