Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Алматыны газға көшіру: газ турбиналары мен генераторлар орнатылуда

31.03.2026
ҚР Энергетика министрлігі энергетика секторын жаңғыртуды жеделдетуде. 2026 жылы 2,4 мың МВт дәстүрлі қуаттарды іске қосу жоспарланған. Жылдың стратегиялық жобалар портфеліне Қызылордада 240 МВт және Түркістанда 1000 МВт бу-газ қондырғыларын (БГҚ) іске қосу, Атырау мен Текелідегі қуаттарды кеңейту, сондай-ақ жиынтық қуаты 1100 МВт-тан асатын Алматы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 нысандарын кешенді жаңғырту кіреді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұл бастамалардың іске асырылуы ҚР Энергетика министрлігінің ерекше бақылауында. Бұл ретте жұмыстары шешуші кезеңге өткен Алматы энергия торабына басты назар аударылып отыр. Алматы ЖЭО-2 алаңында қада қағу жұмыстары аяқталды – қосалқы учаскелерде, атап айтқанда, автотрансформаторлар астындағы іргетастарда соңғы жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Негізгі құрылыс жұмыстары станцияның бас корпусына: оның қаңқасын тұрғызуға және іргетасын монтаждауға бағытталған.

Бірінші іске қосу кешені бойынша айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізілді. Барлық қажетті жабдықтар алынып, монтаждалды, төрт су жылыту және үш бу қазандығында гидравликалық сынақтар сәтті жүргізілді. Бұл кезеңді іске қосу ағымдағы жылыту маусымы аяқталғаннан кейін бірден жоспарланған.

Сонымен қатар, кешеннің екінші кезегінде (БГҚ блогы) газ турбинасы мен генератор іргетасқа орнатылды, металл конструкцияларын, қазандық-утилизаторды және байпас түтін мұржаларын монтаждау жүріп жатыр, бұл нысанды 2026 жылғы қыркүйектегі келесі іске қосуға дайындауға мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру өңірді сенімді энергиямен қамтамасыз етеді және Алматының экожүйесіне тиетін әсерді айтарлықтай азайтады.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.