Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Су тасқынына дайындық аясында барлық көпір мен су құбырлары тазартылды
Жаңалықтар

Су тасқынына дайындық аясында барлық көпір мен су құбырлары тазартылды

31.03.2026132 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы су тасқыны кезеңі басталғалы күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Республикалық маңызы бар автожолдарда қауіптің алдын алу және салдарын азайту үшін барлық қажетті күштер мен техникалар жұмылдырылды. Алдын ала дайындық аясында жол қызметтері су өткізу құбырларын тазалау, техниканы әзірлеу, қажетті материалдар қорын жинақтау, сондай-ақ тәулік бойы мониторинг пен патрульдеуді ұйымдастыру сияқты кешенді жұмыстарды жүргізіп жатыр. Бұл жайында басқарма төрағасы Дархан Иманашев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Оның айтуынша, 2026 жылғы 30 наурыздағы жағдай бойынша автожолдардағы ахуал тұрақты және оң динамика байқалады.

«Атап айтқанда, су тасқыны қаупі бар учаскелер саны 284-тен 184-ке дейін азайды. Ал олардың жалпы ұзындығы 206 шақырымнан 83 шақырымға қысқарды. Сонымен қатар су жайылу жағдайлары 174-тен 2 жағдайға дейін төмендеді. Бұл қабылданған шаралардың тиімділігін көрсетеді. Су өткізу инфрақұрылымын дамыту да маңызды нәтиже берді. 2025 жылы барлығы 582 су өткізу құбыры орнатылды. Оның ішінде 162-сі қайта жаңарту жобалары аясында, 54-і күрделі жөндеу кезінде, ал 366-сы орташа жөндеу барысында жүзеге асырылды», – деді спикер.

Биыл тағы 201 құбырды жөндеу жоспарланған. Бұл жұмыстар қар еріген кезеңде судың кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Су тасқыны жағдайы жыл сайын өзгеріп отырады. Кейбір жаңа қауіпті учаскелер бұрын қауіп тіркелмеген жерлерде де пайда болуы мүмкін. Бұл жер бедеріне, қардың еру қарқынына, температураның күрт ауытқуына және су қоймаларындағы су деңгейіне байланысты. Сондықтан жаңа учаскелерде су жайылу қаупі сақталып, тұрақты бақылауды қажет етеді.

Жалпы ұзындығы 25 мың шақырым автожолдар желісінде 1 429 көпір және 15 458 су өткізу құбыры бар. Су тасқынына дайындық аясында олардың барлығы толық тазартылды. Қазір еріген суды өткізу үшін 974 құбыр пайдаланылуда.

Су тасқынына қарсы жұмыстарға 988 бірлік техника тартылып, арнайы кезекші бригадалар жасақталған. Барлық қызмет проблемалық учаскелерге жедел шығуға дайын.

Д. Иманашевтың мәлімдеуінше, ел жолдарындағы ахуал тәулік бойы бақылауда. Үздіксіз патрульдеу жүргізіліп, гидрологиялық жағдайдағы кез келген өзгеріске жедел әрекет жасалуда. Барлық жұмыс нақты уақыт режимінде үйлестіріледі.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Еліміздің үш өңірінде жаңартылған бес теміржол вокзалы ашылды

30.06.2026539 Views

Аралық қорытындылар: 340 мың рет негізгі ҰБТ тапсырылды

30.06.2026237 Views

Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасы басталды

30.06.2026629 Views
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үш өңірінде жаңартылған бес теміржол вокзалы ашылды

30.06.2026

Аралық қорытындылар: 340 мың рет негізгі ҰБТ тапсырылды

30.06.2026

Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасы басталды

30.06.2026

48 млн шаршы метрден астам аумақ кенелерге қарсы өңделді

30.06.2026

Соңғы жарты жылда қоғамдық тамақтану орындарында 600-ден астам тексеру жүргізілді

30.06.2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйледі

30.06.2026

Ерлан Қарин жаңа қызметке тағайындалды

30.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.