Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Қытай корпорациясы Павлодар облысында 1 ГВт болатын мега-ЖЭС құрылысын бастады

31.03.2026
Павлодар облысының Екібастұз қаласы маңында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясының құрылысы бойынша стратегиялық жобаны іске асыру басталды. Жобаны «State Power Investment Corporation» қытайлық корпорациясы мен «Pavlodar Green Energy» ЖШС бірлесіп жүзеге асырады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

Құрылысқа тартылатын тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 1,2 млрд долларды құрайды, ал нысанды пайдалануға беру 2029 жылға жоспарланған.

Жаңа ЖЭС-тің басты технологиялық ерекшелігі — қуаты 300 МВт болатын энергия жинақтау жүйелерімен жабдықталуында. Бұл шешім жаңартылатын энергия көздеріне тән табиғи құбылмалылықты тиімді реттеуге және еліміздің Біртұтас электр энергетикалық жүйесіне тұрақты қуат беруге мүмкіндік береді.

Станция іске қосылғаннан кейін жылына 3,4 млрд кВт·сағ электр энергиясын өндіреді, бұл Қазақстанның энергетикалық теңгерімін нығайтуға айтарлықтай үлес қосады.

Энергетикалық тиімділіктен бөлек, жобаның экологиялық маңызы да жоғары: парниктік газдар шығарындылары жылына 2 млн тонна СО₂-ға дейін азаяды деп күтілуде.

Аталған бастаманы іске асыру халықаралық серіктестіктің тиімділігін және Қазақстанның «жасыл» энергетика саласындағы озық технологиялық шешімдерді ендіруге дайын екендігін айқын көрсетеді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.