Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Қызылордада «Руханият» орталықтарының жұмысын жаңғыртатын жоба басталды
Аймақ жаңалықтары

Қызылордада «Руханият» орталықтарының жұмысын жаңғыртатын жоба басталды

30.03.202648 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

«Анаға тағзым» орталығында аймақтың 7 аудандағы «Руханият» орталықтарымен тәжірибе алмасуға бағытталған «Рух керуені» кешенді жобасы бастау алды. Мәдени-танымдық бастама 3 кезең бойынша ұйымдастырылып, әр ауданның рухани әлеуетін арттыруды, жергілікті қоғамдастықтың мәдени белсенділігін арттыруды, мамандардың кәсіби әрі тұлғалық дамуына жағдай жасауды көздейді.

«Руханият» орталықтарының жұмысын жаңа деңгейге көтеру және тәжірибе алмасу мақсатында 30-31 наурыз күндері «Анаға тағзым» орталығында жобаның алғашқы кезеңі оқу-әдістемелік семинар ұйымдастырылуда. Екі күндік семинар аясында ҚР Үкіметі жанындағы жобалық кеңсенің өңірлік менеджері Индира Ақжігітова мекемелердің даму траекториясын талдау және стратегиялық жоспарлау негіздері бойынша сараптама-сессиясын өткізсе, маркетолог және жасанды интеллект креаторы Жазира Жүнісова жасанды интеллект құралдарын заманауи коммуникация драйвері ретінде тиімді пайдалану жолдарына тоқталмақ. Сондай-ақ, «Анаға тағзым» орталығының бас редакторы Гүлсім Нұрланқызы цифрлық кеңістіктегі ресми парақшалардың имиджін қалыптастыру мен контент дайындаудың өзекті мәселелерін ортаға салып, бір шаңырақ астына шоғырланған мұражай, кітапхана, мұрағат, ардагерлер мен аналар кеңесі, Жастар ресурстық орталығы, неке қию залы секілді бірнеше мекеменің жұмысын жүйелі ақпараттандыру тәсілдеріне басымдық береді.

«Рух керуені» кешенді жобасының екінші кезеңі «Руханият» орталықтарында жалғасын тауып, тақырыптық практикумдар мен оқыту жұмыстары жүзеге асырылады. Нәтижесінде жеті орталықтың ресми парақшаларының жұмысы жүйеленіп, «Руханият тынысы», «Жас археолог», «Рухани сұхбат» секілді ауданның тыныс-тіршілігі мен тарихи-мәдени өмірінен хабар беретін бірқатар айдар тұрақты түрде жүргізілетін болады. Мамандардың ақпараттық сауаттылығын арттырып, мекемелер арасындағы кері байланысты нығайту, рухани ұйымдардың жұмысын заманауи медиа талаптарына сай форматта қайта жандандыруды көздеген жобаның үшінші кезеңінде «Рух керуені» жобасының үздіктері марапатталады. Үш ай бойы практикалық тапсырмаларды сапалы орындап, әлеуметтік желіні тәрбие құралына айналдыра білген, «Руханият» орталықтарының жұмысын жүйелі насихаттауда белсенділік танытқан аудандарға арнайы номинациялар мен бағалы сыйлықтар табысталады. Кешенді жоба аясында «Анаға тағзым» орталығы мен спикерлер тарапынан жыл соңына дейін сүйемелдеу жұмыстары жалғасады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026520 Views

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026614 Views

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026920 Views
Соңғы жаңалықтар

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026

Түркістан облысында жылыжай шаруашылығын дамытуға 534 млрд теңгеден астам инвестиция салынады

02.07.2026

ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрестің нәтижелерін жариялады

02.07.2026

Қазақстан трансұлттық есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп жатыр

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.