Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Алматы облысында 7 агроинвестициялық жоба іске асады
Аймақ жаңалықтары

Алматы облысында 7 агроинвестициялық жоба іске асады

19.03.2026518 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Биыл Алматы облысында агроөнеркәсіптік кешен саласында 7 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Жобалардың жалпы құны – 44,6 млрд теңге. Жобалар ауыл шаруашылығы өндірісін кеңейтуге, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған. Аталған жобаларды іске асыру агроөнеркәсіптік салаға инвестициялар тартуға, қайта өңдеу өнеркәсібін дамытуға және ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында бірқатар мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Солардың бірі – Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі негізінде агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды несиелеу бағдарламасы. Бағдарлама аясында 4 млрд теңге қарастырылып, екі жоба қаржыландырылды. Атап айтқанда, 1,5 млрд теңге «Alfalfa» ЖШС-нің су үнемдеу технологияларын енгізу жобасына, ал 2,5 млрд теңге «Азия Агро Фуд» АҚ-ның жүгеріні қайта өңдеу зауытын кеңейтуіне бағытталды.

Сонымен қатар, 2026 жылы осы бағдарлама аясында жалпы құны 5 млрд теңгені құрайтын тағы 4 жобаны іске асыру көзделген.

Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Димаш Сыдықовтың айтуынша, агроөнеркәсіптік секторға инвестиция тарту өңір ауыл шаруашылығын жаңғыртудың негізгі бағыттарының бірі.

«Биыл іске асырылатын жобалар агроөнеркәсіптік кешеннің өндірістік әлеуетін арттырып, заманауи технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өндіріс көлемін ұлғайтып қана қоймай, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға серпін береді», – деді Димаш Сыдықов.

Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі қалыптастырған «Инвестициялық тапсырыс» бастамасы аясында жалпы сомасы 708,7 млрд теңгені құрайтын 26 жобаны қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

2025 жылы Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешеніне салынған инвестициялар көлемі (алкоголь өнімдерін өндіруді есепке алмағанда) 178,2 млрд теңгені құрап, жоспар 145,4%-ға орындалды. Бастапқыда 122,6 млрд теңге тарту жоспарланған болатын.

Бұдан бөлек, бекітілген Жол картасы аясында өткен жылы жалпы құны 29 млрд теңгені құрайтын 14 жоба іске асырылды. Оның ішінде 9 сүт-тауар фермасы, 1 жылыжай кешені, 1 балық шаруашылығы, 1 көкөніс сақтау қоймасы, 1 вафли өнімдерін өндіру зауыты және 1 құс фабрикасы бар.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Байлық бәйгесі: әлемде 3110 долларлық миллиардер бар

06.05.2026856 Views

Таразда автосалон менеджері 8 жылға сотталды

06.05.2026547 Views

Ақмола облысында Бауыржан Байбектің әкесі жаңа өндіріс ашты

06.05.2026951 Views
Соңғы жаңалықтар

Байлық бәйгесі: әлемде 3110 долларлық миллиардер бар

06.05.2026

Таразда автосалон менеджері 8 жылға сотталды

06.05.2026

Ақмола облысында Бауыржан Байбектің әкесі жаңа өндіріс ашты

06.05.2026

Тұңғышбай Жаманқұлов бұрын-соңды ел естімеген шындықты айтты

06.05.2026

Алматы әуежайына шұғыл қонған швейцариялық Swiss ұшақтың құпиясы ашылды

06.05.2026

20 млн тонна: Қазақстан әлемдік мыс қоры бойынша 12-орынға шықты

06.05.2026

Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды

06.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.